ҰБТ 2019

20 маусым мен 5 шілде аралығында Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) тапсыратын талапкерлер үшін ең маңызды күндер болады.

2019 жылдан бастап ҰБТ келесідей тапсыруға болады:

– ақылы негізде ЖОО-на түсу үшін үш рет;

– бір рет (20 маусымнан 5 шілдеге дейін) грант беру конкурсына қатысу үшін.

Сонымен қатар, түлектердің стресстік жағдайын азайту үшін мұндай тәсіл таңдалғаны атап өтілді.

ҰБТ өткізіледі:

  • ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушыларына;
  • республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілеріне;
  • республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне;
  • республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін  білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне;
  • республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдарға;
  • ЖОО-ға ақылы негізде қабылдау үшін жоғары оқу орнының бірінші академиялық кезеңі аяқталғанға дейін күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданған адамдарға;
  • ЖОО-ның шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарында оқитын  және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетін білім алушылар.

Өткізу формасы: тестілеу.

Өткізілетін орны: ҰБТ өткізу пункттері.

Бақылаушылар: Министрлік өкілдері.

Апелляция: қарастырылған.

ҰБТ форматы: 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік).

                           Барлық тест тапсырмалар саны —120.

Тестілеудің жалпы уақыты: 3 сағат 50 минут (230 минут)

Тестілеу пәндеріТапсырмалар саныТапсырмалар формасы
1 блок Математикалық сауаттылық20Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс
Оқу сауаттылығы20

(4 мәтін)

Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс
Қазақстан тарихы20Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс
2 блок 1 бейінді пән20Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс
10Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты
2 бейінді пән20Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс
10Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты

Жоғары балл саны: 140

Шекті деңгей балы: 50

Бейінді пәндер таңдайтын білім беру бағдарламары тобына байланысты таңдалады

Бейінді пәндер комбинациясы
1 бейінді пән2 бейінді пән
1математикафизика
2математикагеография
3биологияхимия
4биологиягеография
5шет тілідүниежүзі тарихы
6географияшет тілі
7дүниежүзі тарихыАдам. Қоғам. Құқық
8дүниежүзі тарихыгеография
9қазақ тілі / орыс тілі қазақ әдебиеті / орыс әдебиеті
10химияфизика
11шығармашылық емтиханшығармашылық емтихан

Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін  білім беру бағдарламаларының ұқсас бағыттарына оқуға түсушілер үшін ҰБТ (ТжКБ) форматы : 2 пән .

Барлық тест тапсырмалар саны – 60.

Тестілеудің жалпы уақыты — 1 сағат 40 минут (100 минут).

Тестілеу пәндеріТапсырма саныТапсырмалар формасыБағалау формасы
Жалпы кәсіптік пән20Бес жауап нұсқасының біреуі  дұрыс1 дұрыс жауап = 1 балл
 

Арнайы пән

40Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс (20)1 дұрыс жауап = 1 балл

 

Көп жауаптың ішінен бірнеше дұрыс жауабы бар (10)Барлық дұрыс нұсқаны таңдау – 

2 балл

Бір қате (бірнеше дұрыс жауаптан 1 қате кетсе) – 1 балл

2 немесе одан көп қате – 0 балл

Жағдаятық тапсырмалар (10)1 дұрыс жауап = 1 балл

Жоғары балл саны: 70.

Шекті деңгей балы: 25.

Пройдите по ссылке: