Хабарландыру

Құрметті студенттер және оқытушылар, ХГТУ 2019-2020, 2020-2021 оқу жылдары Erasmus+ Халықаралық кредиттік ұтқырлық бағдарламасына Валенсия политехникалық университетімен (Валенсии, Испания) UPV Erasmus+ KA107 2019-21 ұтқырлық жобасына қатысатындығын қуанышпен хабарлаймыз.

Осыған байланысты 2019 оқу жылы 2-семестр немесе 2019-2020 оқу жылында студенттер мен оқытушылар арасында академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін конкурс жарияланады.

Студенттерге қойылатын талаптар:

  1. Ағылшын тілі – B1 деңгейі (intermediate) және одан жоғары
  2. Академиялық кезең аяғындағы ағымдық үлгерімі (университеттегі алдыңғы академиялық кезеңдегі оқу нәтижелері ескеріледі – бағалар минимум «B-» болуы шарт); орташа бал 3,0 және одан жоғары;
  3. Мотивациялық хат;
  4. Студент ата-анасының оның академиялық ұтқырлық бағарламаасына қатысуға рұқсаты.

Оқытушыларға қойылатын талаптар:

  1. Ағылшын тілі –B2 деңгейі (upper-intermediate) және одан жоғары;
  2. Жұмыс жоспары;
  3. Валенсия политехникалық университетімен ынтымақтастық қатынас орнату қабілеті.

Өтініш 25.09.2019 күнге дейін № 203 кабинетте қабылданады. Қосымша ақпарат төменгі тұлғалардан алуға болады:

Сабырова Мадина Елемесовна, тел: +77784569811

Жылысбаевой Аққоңыр Нұрділләқызы, тел: +77054131247

Пройдите по ссылке: