Университет тарихы

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университет тарихы

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті өзінің бастапқы кезде 08.04.1998 жылы Оңтүстік Қазақстан университеті жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып тіркелген (куәлігі 8046-1958-ЖШС).

2003 жылы құрылтайшылардың бірі ретінде  РФ БМ және ҚР БжҒМ арасында Мәскеу мемлекеттік ашық университеті (МГОУ, Ресей, Мәскеу), қатысуымен  бірлескен кәсіпорын құру туралы  келісім-шарт жасалды.  Соның нәтижесінде 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті  Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті болып ауыстырылды (ХГТУ, Казахстан, Шымкент қ.), ол 2003 жылы  ҚР БжҒМ-де лицензияланған және аттестатталған (№000364, бұйрық № 315).

Университет 2018ж. 21 мамыр – 2020ж. 21 мамыр мерзіміне дейін институционалдық аккредиттеуден өтті.

2018 жылы Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетіне Аймақтық инновациялық институтының Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетінен бөлініп шығып, қосылуына байланысты, университет Оңтүстік өңірдегі ірі университеттердің бірі болып отыр.

Оқу орнын академик М.Ж.Жұрынов және  ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы, п.ғ.д., профессор Ж.К.Оңалбек сынды университет құрылтайшылары басқарады.

2018 жылдан бастап  университетте  ректор қызметін т.ғ.к., доцент Е.И.Қыстаубаев атқарып келеді.

Университет оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, ғылыми зерттеулер  базасын кеңейту негізінде, жоғары сапалы білім бере отырып,  білім беру қызметтерін кеңейтілген түрде жүргізеді. Университет түлектері жұмыспен қамту және еңбек  нарығында еркін бәсекеге ие және  Қазақстан мен шет елдердің білім беру жүйесінің алдыңғы қатарлы мекемелерінде жұмыс  атқаруда. Оқу орнының қалыптасуы мен даму тарихы 20 жылға жуық уақытқа ие.

Қазіргі уақытта Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті (мемлекеттік лицензия АБ №0137473 және ЖОО коды-137) білім беру ұйымдары, өндірістік кәсіпорындар, ғылыми-зерттеу және мәдени-әлеуметтік мекемелерінің кәсіби мамандарын  дайындайды және екі деңгейлі жүйеге көшті:  бакалавриат бойынша 24 мамандық және магистратура бойынша 6 мамандық дайындайды.

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті маман даярлауда халықаралық деңгейдегі озық технология, инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданып, қазіргі заман талабына сай, білім мен ғылымның инновациялық дамуын алға қойып отырған алдыңғы қатарлы білім ордаларының бірі.

Болашаққа сенімді қадам басу – білікті маман, білімді ұрпақ тәрбиелеуден басталады деген қағиданы ұстанған жоғары оқу орны Халықаралық байланысты нығайту арқылы әлем университеттерінің озық тәжірибелерін білім беруде оқу үрдісіне енгізуде. Білім беру жүйесі үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жоғары жаңа технологияларды пайдалану арқылы жүргізіледі. Профессорлар мен оқытушылар құрамында 60% – академиктер, ғылым докторлары мен кандидаттары, доценттер және профессорлар бар.  Университетте 6 профессор-оқытушысы п.ғ.д., профессор Ж.К.Оңалбек-2013жылы, т.ғ.к.,доцент Е.И. Қыстаубаев-2014жылы, х.ғ.к.,доцент А.Жылысбаева- 2009,2015жылдары, э.ғ.к.,доцент М.Ускенов-2009жылы, б.ғ.д., профессор Ә.Н.Халила-2008жылы, а-ш.ғ.к. Г.Б.Қылышбаева-2009жылы, а-ш.ғ.к.,доцент А.Е.Қыдырбаева- 2018 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі тарапынан «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының Грант иегерлері атанды.  

Университетте қазіргі таңда 5 факультет, 9 кафедра  және әскери дайындық кафедрасы жұмыс жасайды. 24 мамандық бойынша,  жоғарғы білімді бакалавр және 6 мамандық бойынша магистрлер дайындап шығаруда. Университеттің материалды-техникалық базасы жақсы жасақталған, университетте 6 оқу ғимараты бар. Ғимараттарда студенттік жатақхана, дәрігерлік пункт,  асхана, кітапхана, спорт және  акт залы орналасқан.

Университетте жетім балалар үшін – 20%-дан 100% дейін, көп балалы отбасыларға -30%, «Алтын белгі» иегерлері үшін – 25%, облыс әкімінің жолдамасы бойынша – 100%, оқу төлем-ақысын бірден толық төлегенде – 10%, ҰБТ-ден 90-100 балл арасында – 10%,  100 баллдан жоғары жинаса – 20% көлемінде күндізгі оқу түрінде оқитын студенттерге жеңілдіктер қарастырылған.

Университет қабырғасында 2017 жылғы Универсиада ойындарының Фристайл-акробатика спорт түрінің жеңімпазы  Б.Іңкәрбек, ережесіз жекпе-жектен әлемнің 3 дүркін чемпионы А.Оспанов, 2018ж Азия ойындарының жеңімпаздары ағайынды С.Емельянов, Т.Емельянов, Т.Хайдаров, И.Голендов, О.Ананченко және т.б тұлғалар білім алған.

Халықаралық ынтымақтастық Болон процесінің  негізгі міндетіне сәйкес негізгі бағыттарымен  қарқынды дамып келеді.

ХГТУ түлектері еңбек нарығындағы өзгермелі  жағадайларында тез бейімделе алатын   жоғары кәсіби біліктілікке ие, осыған орай жоғары дәрежеде жұмыспен қамтылған.

ХГТУ-дың  негізгі бағыты жеке әлеуетін ашу, дамыту, өзін-өзі жетілдіру, республикалық және халықаралық деңгейлерде университеттің  озық позициялауын қамтамасыз ету.  Болашаққа сенімді қадам басу-білікті маман, білімді ұрпақ тәрбиелеуден басталады деген қағиданы ұстанған жоғары оқу орны халықаралық байланысты нығайту арқылы әлем университеттерінің озық тәжірибелерін білім беруде оқу үрдісіне енгізіп, Қазақстанға ғана емес, дүние жүзіне танымал білім ордасына айналуды көздейді. 

УНИВЕРСИТЕТ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ:

  • Кәсіби шеберлік
  • Көшбасшылық
  • Инновацияда және шығармашылықта белсенділік
  • Қызметкерлер мен студенттерді ынталандыру
  • Демократиялық рух және корпоративтік мәдениет
  • Іскерлер командасымен жұмыс
  • Тиімділік
  • Өзара тиімді ынтымақтастық пен серіктестік
  • Тәртіп
  • Үнемі даму және оқу
  • Әдептілік пен адамгершілік
  • Сыйластық
Пройдите по ссылке: