Кітапхана

Кітапхана бөлім меңгерушісі – Тоқсанбаева Дамира Несіпбаевна

Кітапхана тарихы

Университет кітапханасы университет алғаш ашылған 1998 жылдан бастап бір уақытта ұйымдастырылған. Яғни, ол университеттің оқу жүйесі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарында кітапхананың маңызының зор екендігін көрсетеді. 

Университет кітапханасы бүгінгі таңда университеттің жетекші құрылымдық бөлімі ретінде оқу-тәрбие үрдістерін қажетті ақпарат құжаттарымен қамтамасыз етуші білім беру орталығы болып саналады. 

Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы негізгі алтын көпір. 
Университеттің кітапхана қызметін 2007 жылдан бері Тоқсанбаева Дамира Несіпбаевна басқарады.

Университет кітапханасының кітап қорының негізін, Халықаралық қазақ-түрік университетінен берілген 2500 мың оқулық құрады. Бүгінгі таңда кітапхананың жалпы кітап қоры – 638539 мың. Жыл сайын университет басшылығы кітапхана қорын жаңа оқулықтармен толықтыру мақсатында қаржы бөліп отырады.

Кітапханада ғылыми, методикалық-әдістемелер, оқытушы-профессорлар жұмыстарынан бөлек оқытушылар мен студенттердің бос уақытында оқитын қазақ және орыс тілдеріндегі әдеби кітаптар қоры бар.

Студенттер мен оқытушы профессорлар құрамы университеттің жеке кітапхана қорымен қатар университет ұзақ мерзімді келісім – шартқа отырған Шымкент қаласының жалпы қоры 1817891 дананы құрайтын Ғылыми-техникалық және 440000мың қоры бар Шымкент қаласының орталықтандырылған жүйеленген көпшілік кітапханалар қорымен де еркін пайдалана алады.

Сонымен қатар, «М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті», арасындағы жоғары білім және ғылыми аясында ынтымақтастық туралы КОНСОРЦИУМДЫҚ КЕЛІСІМ бойынша, сәйкес аталмыш оқу орынымен кітапханалық қорды бірлесіп пайдаланады.

Кітапханаға қалай тіркелуге болады

Кітапхана оқырманы болу үшін тіркеуден өтіп, оқырман билетін алуыңыз қажет. 
Оқырман билетін алу үшін талап етілетін құжаттар: 

  1. Жеке тұлғаны куәландыратын құжат
  2. Фотосурет (фотосуретті тіркеу кафедрасында жасауға болады);
  3. Оқырман билеті 5 жыл мерзімге тегін беріледі. Әр жылдың басында қайта тіркеу жүргізіледі

Абонементті пайдалану қағидалары.

  • Кітапханада 5 кітаптан үш күннен бес күн аралығында үйге беріледі.
  • Құнды оқулықтар, анықтамалар,немесе соңғы данасы қалған оқулықтар үйге берілмейді
  • Оқырмандар кітап аларда студенттік құжаттарын көрсетуі керек.
  • Кітапханадан алынған басылымдар белгіленген мерзімде қайтарылуы қажет.
  • Өткізілмеген кітабы бар оқырмандар, қарызын қайтармастан кітап ала алмайды.
  • Оқу залдарында оқырмандар тек сынақ кітапшасымен кітап ала алады.
  • Оқу залдарында тыныштық пен тәртіп бұзуға тиым салынады.
  • Оқырмандар жоғалтқан немесе бүлдірген басылымды, сондай басылыммен, оның көшірмесімен немесе кітапхана құны бірдей деп таныған басылыммен алмастыра алады. Мүмкіндік болмаған жағдайда оның шынайы нарықтық құны өндіріліп алынады.
  • Оқырман сынақ кітапшасын басқа адамға беруге немесе бөтен құжатпен әдебиет алуға рұқсат етілмейді.

Оқу залын пайдалану қағидалары

  • Оқу залында кітап беру оқырман билеті бойынша жүргізіледі.
  • Кітап беру оқырманның әрбір басылымның кітап формулярына қол қоюымен толтырылады.
  • Оқу залына жеке және кітапхана кітаптарымен, газет – журналдарымен және басқа да баспа басылымдарының кесінділерімен кіруге болмайды.
  • Әдебиетті оқу залынан шығаруға тыйым салынады. Осы қағиданы бұзған жағдайда оқырмандар кітапхана әкімшілігі белгілеген мерзімге кітапхананы пайдалану құқығынан айырылады.

Оқырманның құқықтары мен міндеттері

Оқырмандардың мынаған құқығы бар:

  • кітапхана көрсететін кітапхана-ақпарат қызметінің негізгі түрлерін тегін пайдалануға;
  • ақпарат көздерін іздестіру мен таңдауда кеңесшілік қызмет алуға;
  • кітапханада электронды каталогы мен Интернет пен басқа да ақпаратты қызметтерімен пайдалана алады.

Оқырмандар мынаған міндетті:

  • әдебиет алу үшін оқырман билетін көрсетіп, кітап немесе оқырман формулярында алынған әрбір басылым үшін қол қоюға;
  • кітаптарға, баспа туындыларына, басқа да материалдарға және кітапхана мүлкіне ұқыппен қарауға;
  • кітапханадан алған басылымдарды белгіленген мерзімде қайтаруға.

Оқырманға мыналар рұқсат етілмейді:

  • кітапханаға сырт киіммен кіру;
  • кітапхана бөлмелерінде тыныштық пен тәртіп бұзу;
  • кітапханадан өзі қол қоймаған кітаптарды алып шығу;
  • кітапхана басылымдарын бүлдіру (оған белгі салу, сызу, парақтарын жыртып, мұқабасын мыжу) ;
  • картотекалар мен каталогтардан кәртішкелер шығарып алу;
  • қызмет бөлмелері мен кітап қоймасына рұқсатсыз кіру.

Кітапхананың қызмет көрсетуі

Кітапхана пайдаланушыларына кітапханалық-ақпараттық қызмет тегін көрсетіледі.

Кітапхананың міндеттері:

  • кітап қорын толықтыру және олардың сақталымын қамтамасыз ету;
  • сапалы кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету;
  • жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту;
  • республикалық және халықаралық кітапханалық-ақпараттық жобаларды іске асыру.

Кітапхананың оқырман залдарында оқырмандар төмендегілермен пайдаланыла алады:        

  • мерзімдік басылымдар қорымен;
  • анықтамалық пен энциклопедиялық басылымдармен;
  • электронды тасымалдаушылардағы басылымдармен;
  • электронды кітапханамен.

Пройдите по ссылке: