Оқу бөлімі

Оқу бөлімінің басшысы – Леубаев Мамырбек Пернебекұлы

Мақсаттары:

  • Университетте академиялық процесті перспективалы жоспарлау, уақтылы ұйымдастыру және тиімді үйлестіру, соның ішінде бұл процестерді автоматтандыруды енгізу арқылы оқу процесін жетілдіру.
  • Тұтынушыға ұсынылатын қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз ету;
  • Бөлім қызметкерлерін үздіксіз кәсіптік және жеке тұлға ретінде дамыту.

Міндеттері:

  • Оқу процесін жоспарлау, ұйымдастыру және басқару;
  • Мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары кәсіптік білім беру стандартының (бұдан әрі – МЖМБС) талаптарына сәйкес кәсіптік білім беру саласында білім беру қызметін жүргізу құқығына берілетін мемлекеттік лицензияға сәйкес міндетті білім берубағдарламаларын жүзеге асыру;
  • Мамандықтар бойынша оқу жоспарларын дайындауға жетекшілік ету;
  • Кафедраларда өтілетін пәндер тізімін анықтау;
  • Сабақ кестесін үйлестіріп, университет бойынша академиялық топтар легін құруға басшылық жасау;
  • Оқу жүктемесінің сағаттарын есептеу;
  • Контингенттің қозғалысына сәйкес статистикалық мәліметтер дайындап қажетті мекемелерге есеп беру;
  • Университеттің штатын есепке алу және тексеру;
  • Университет кафедраларының профессор-оқытушылар құрамының оқу жүктемелерінің орындалуын есепке алу;
  • Диплом жұмыстарының тақырыптары мен жетекшілерін бекітуге ұсыну оқу бөлімінің міндеті болып саналады.

Функциялары:

  • Офис-тіркеуші жасаған барлық факультеттердің сабақ кестелерін және емтихан кестесін оқу жоспарларымен сәйкестендіріп отыру, ол кестелерді барлық кафедралармен келісу, үйлестіру, орындалуын бақылау;
  • Оқытушы-профессорлар құрамының оқу жүктемесін есептеу және бөлу;
  • Оқу процесін қамтамасыз ету үшін аудиториялық қорды бөлу;
  • Студенттердің кәсіптік тәжірибесінің базаларын анықтау және келісім шарт жасалуын қадағалау;
  • Кафедралардың жылдық оқу жүктемелерін және штаттық кестесін дайындап, оқытушылардың жеке жұмыс жоспарын толтыруды қадағалап бекітуге ұсынады.

Пройдите по ссылке: