Жастар және мәдениет бөлімі

Жастар комитетінің төрайымы – Джамиева Балжан Артыққызы

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінде студенттердің өзін-өзі басқаруды ұйымдаструшы – Жастар комитеті. Ұйымның қызметі өскелең ұрпақты тәрибелеу, жастардың лидерлік қабілеттерін арттыру  және студент жастарды Қазақстанды сүюді қалыптастыру саласындағы мемлекеттік саясат стратегиясына мұқият назар аударуға, жастар саясаты және оны жан-жақты жүзеге асыру шараларын іріктеу және жүзеге асыруға бағытталған.

Жастар комитетінің басты мақсаты: университетте өзін-өзі басқару жүйесін дамыту,  жастардың қоғамдық қызметін жандандыру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, университет жастарының физиологиялық және рухани, интеллектуалды дамуына ықпал ететін қажетті жағдай жасау болып табылады.

Жастар комитетінің басты міндеттері:

  • Қызмет бабына сай топтарда және ЖОО толықтай оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру және жетілдіруге қатысу.
  • Студенттік топтарда шығармашылық, өзара көмек көрсету жағдайын қалыптастыру.
  • Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруға қатысу.
  • Олимпиада, ғылыми конференцияны ұйымдастыру және өткізуге қатысу.
  • Бағытына қарай байқау, конкурстарға қатысу.

Жастар комитетінің құрамына кіретіндер:

  • Жастар комитетінің төрағасы
  • Студенттік ректорат
  • Студенттік декан
  • Академиялық топ басшылары
  • Студенттік жатақхана кеңесінің төрағасы

Бүгінгі  таңда  Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінде  Жастар комитетінің  ұйымдастыруымен мынадай  студенттік  ұйымдар, бірлестіктер, клубтар  жұмыс  істейді:

  • Студенттік ректорат
  • «Нұр  Отан» ХДП «Жас Отан» жастар  қанаты
  • «Қыран» әдеби-шығармашылық ұйымы
  • «ХГТУ ЖАСТАРЫ» жайдарман командасы;
  • «Тұмар» бірлестік клубы

«Жас Отан» жастар қанаты ұйымы – «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты» қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – «Жас Отан» ЖҚ) – Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің әртүрлі әлеуметтік топтардағы жас азаматтардың мүдделерін мемлекеттік өкілді және атқарушы билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында білдіретін ерікті ұйым.

«Қыран» әдеби-шығармашылық ұйымы – студенттердің  қоғамдық өмірге араласуына бағыт-бағдар беретін, ұлттық-мәдени, рухани-адамгершілік және ізгілік негіздерін көтеретін, Алаш зиялыларының асыл мұраларын жастарға таныстырып, шығармаларын дәріптейтін ұйым.

« ХГТУ ЖАСТАРЫ» Жайдарман командасы – университет ішінен құрылған клуб. Клуб қалалық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысып, студенттерді белсенді өмірге шақыратын көңілді орта.

«Тұмар» бірлестік клубы – өнер саласындағы дарынды жандар шығармашылығын насихаттау мақсатында  құрылған.  Ұйым мүдделері мен қызығушылықтары ортақ жандарды біріктіріп,  олардың арасында жылы достық қарым-қатынас орнатуға құрылған.

«Парасат» дебат клубы  – студенттер арасында пікірсайысты дамыту арқылы олардың азаматтық ұстанымдары мен патриоттық сезімін қалыптастыру арқылы шыншыл, жоғары білімді, элиталы ұрпақ дайындау  мақсатында құрылған.

Пройдите по ссылке: