Экономика және заң факультеті

Факультет деканы э.ғ.к., аға оқытушы – Ертаев Ермек Жаханшаұлы

Факультет кафедралары:

Жалпы мәлімет

Факультет тарихы 1995 жылдан басталады. Қазіргі таңда факультетте 2 кафедра жұмыс істейді.

Факультет деканы – э.ғ.к., аға оқытушы Ертаев Ермек Жаханшаұлы, декан орынбасары – аға оқытушы Иманбердиев Сабыр Абубакирович.

Экономика және заң факультетінде студенттерге 4 профессор, 16 ғылым доценті, 21 ғылым кандидаты, 13 аға оқытушылар мен 18 магистр оқытушылар құрамы дәріс беруде.

Факультет оқытушы-профессорлары АҚШ, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан сияқты шет елдермен байланыс жасап, тәжірибе алмасуда. Украинаның ұлттық ғылым академиясы, Алматыдағы “Алькор” ЖШС-мен ғылыми байланыс жұмыстарын атқаруда.

Біздің түлектер Түлкібаева Диана мен Каримова Айгерім «Центрально-Азиатский фонд обучения» грантының 2007-2008 жылғы иегерлері,  Спатаев Марат 2007 жылғы студенттер арасындағы Республикалық және облыстық «Пікір сайыс» жарыстарының жеңімпазы.

Факультеттің “Құқықтану” мамандығының түлектері Бекзат Саттарханов, Мұхтархан Ділдәбеков Сидней олимпиадасының алтын және күміс жүлдегерлері, грек – рим күресінен Азия ойындарының чемпионы Мехты Сапаров, бокстан Әлем кубогының иегері Қанат Орақбаев және Азия жеңімпазы Жандос Жұмабеков.

Факультетте ғылыми-педагогикалық қызметпен ғылым докторлары, ғылым кандидаттары және магистр оқытушылар айналысады. Олардың арасында «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегерлері, ЖОО-да ғылыми тағылымдамадан өткен профессор-оқытушылар бар.

2006 жылы доцент М.Қ. Ускенов, 2007 жылы доцент К.К. Нұрашева «ЖОО үздік оқытушысы» атақтарына ие болды.

Факультеттің материалдық базасы айтарлықтай, мақтанышқа тұратын «Сот мәжілісінің залы» атты пәндік қабинетте қылмыстық және азаматтық істер бойынша ойын негізінде сот процесстері өтеді. Сонымен қатар,  Шымкент қаласы аудандық соттарының көшпелі, көрнекті сот мәжілістері өткізіледі.

Сондай-ақ, факультетте мамандырылған   криминалистика кабинеті жұмыс істейді. Оның жабдықтары тергеу қарауында, тінтуде, алуда және тергеу эксперименттерде қолданылатын арнайы криминалистік құралдарды тәжірибелік түрде пайдалануға студенттерге үлкен мүмкіндіктерді береді.

Оқу процесінде оқытудың заманауи технологиялары: кредиттік жүйе, кейс-технология, оқытудың интерактивтік және инновациялық әдістері енгізілген.

Факультет халықаралық стандартқа сай білім бере отырып, жастардың жан-жақты кәсіби тұлға етіп қалыптасуына зор жағдай жасайды. Талапты жастарға сапалы білім беріп, айқын бағыт-бағдар беру біздің басты міндетіміз!

Пройдите по ссылке: