Құқықтану кафедрасы

Кафедра меңгерушісі з.ғ.к. Бижан Нұрлан Рабханұлы

«Бизнес және техника» факультеті «Құқықтану» кафедрасында 5В030100-құқықтану, 6М030100-құқықтану (магистратура) мамандықтары бойынша бакалавр мен магистрлар даярланады. Университет 2017-2018 оқу жылында халықаралық аккредитациядан өтті. 5В030100-Құқықтану мамандығын бітіруші түлектер:

  • Сот органдарында
  • Әділет басқармасында
  • Прокуратурада
  • Ішкі істер басқармасында
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында
  • Кеден комитетінде
  • Адвокатурада
  • Халыққа қызмет көрсету орталығында
  • Нотариуста
  • Жер комитетінде, яғни барлық мемлекеттік органдарда және кез келген жеке ұйымдарда жұмыс істей алады.

Мамандарды дайындау қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Қазіргі таңда кафедрада 20 профессор-оқытушы құрамы жұмыс істейді, олардың қатарында: 3 заң ғылымдарының докторы, 6 заң ғылымдарының кандидаты, 1 құқық доценті, 5 аға оқытушы, 15 заң ғылымдарының магистрі жұмыс жасайды.

Оқу жылы:
Бакалавр күндізгі-4 жыл
Бакалавр сырттай және қашықтықтан оқыту -2 және 3 жыл

Магистратура
(бейіндік бағыт) – 1 жыл
Магистратура
(ғылыми -педагогикалық) – 2 жыл

Қазіргі таңда кафедрада 30 профессор-оқытушы құрамы жұмыс істейді, олардың қатарында: 3 заң ғылымдарының докторы, 7 заң ғылымдарының кандидаты, 5 аға оқытушы, 15 заң ғылымдарының магистрі жұмыс жасайды.
Атап айтсақ:
1. Бижан Н.Р., з.ғ.к., аға оқытушы
2. Шайбеков К.А., з.ғ.д., профессор
3. Бекбосынов Е.Т. з.ғ.к., аға оқытушы доктор PhD,
4. Тұрғараев М. з.ғ.д., аға оқытушы
5. Дайрабаева Г.М., п.ғ.к., аға оқытушы
6. Рахметова Г.Р. з.ғ.д., аға оқытушы
7. Калканова Ж.С., з.ғ.к. аға оқытушы
8. Нурымбетов А., з.ғ.к.,
9. Ерманқұлов М.Қ., аға оқытушы құқық магистрі
10. Караева А.О. аға оқытушы
11. Байтерекова К.Б. аға оқытушы
12. Иманбердиев С.А. аға оқытушы
13. Сартаева Ш.Ш. аға оқытушы
14. Ескендерова Ғ.Т. аға оқытушы
15. Айтқұл С.А. оқытушы
16. Абдрахманова М.Б.оқытушы магистр
17. Айдарбекова К. оқытушы магистр
18. Алимкулова Ж. оқытушы магистр
19. Турегелдиев Б.У оқытушы магистр
20. Першеев А.С. оқытушы магистр
21. Ашимова А.А. оқытушы магистр
22. Сарсенова М. оқытушы магистр
23. Садикова Д. оқытушы магистр
24. Акчабаев Ш. оқытушы магистр
25. Айткулова Э.А. оқытушы магистр
26. Юсупалиев Б.Ж. оқытушы магистр
27. Увайдаева Ш. оқытушылары дәріс береді.

Білім алушылардың тәжірибеде кәсіптік қызметтің барлық түрлерін кешенді игеруге, жалпы және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға, сонымен қатар, мамандық бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі мен дағдыларын игеруге бағытталған.
Практика жоғары білікті мамандарды даярлаудың маңызды бөлігі болып табылады және әр түрлі салалардағы кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда, мемлекеттік мекемелерде, ғылыми орталықтарда және т.б. өткізіледі.
ХГТУ мен Оңтүстік Қазақстан Облыстық сотымен жасалған меморандумына сәйкес, студенттер университетте алған теорялық біліміндерін соттарда дуалдық оқыту жүйесі негізінде іс- тәжірибеде шыңдайды.


ОҚО сотында өткен ғылыми конференцияның баяндамашылары

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де халықаралық «Құқықтану» олимпиадасының жүлдегерлері

Барлық кәсіби практиканың тиімділігі студенттердің практикасы кезінде алынған құзыреттіліктерінде көрінеді.
«Құқықтану» кафедрасы жыл сайын студенттер аймақтық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобаларға, студенттік интеллектуалдық ойындар мен ғылыми семинарлар, дөңгелек үстелдер, конкурстар, зияткерлік ойындарға қатысып отырады.
Өзекті болып табылатын сұрақтарды студенттер БАҚ-ы арқылы қоғаммен тығыз байланыста шешіп отырады.

Кафедра қарамағында заманауи 8 оқу аудиториясы, оның ішінде жаңа құрал жабдықтармен қамтылған компьютерлік класстар, 2- Сот залы, 1 креминалистикалық лабораториясы бар.

ОҚО сотының судьяларымен университет қабырғасында мастер класстар мен көшпелі сот процестері жүргізіледі.

 

Криминалистика техника тарауы бойынша зертханада арнайы витринада мынадай бөлімдерден тұратын талдама жасалған заттар мен құралдар бар:
1. Фотокесте
2. Қол саусақ іздері алынған дактокарталар
3. Аяқ киім іздері алынған гипстен із көшірмесі
4. Көлік құралының ізінің гипстен көшірмесі
5. Әртүрлі құлыптар, аспаптар (бұзу құралы іздерін анықтау үшін)
6. Криминалистикалық суық қарулар: (пышақтар, кездек, кортик т.б)
7. Атыс қаруы: (макеттері тапанша револьер т.б түрлері)
8. Оқ дәрілер:(атылған оқтар, гильзалар, патронда, қауыздар)
9. Тазды қарулар (әртүрлі маркалы тапаншалар маркеті)
10. Криминалистикалық жалған және жасанды құжаттар: (фотоальбом суреттері)
11. Криминалистикалық габитоскопия (фотоальбом суреттері, видеофильмдер)
12. Криминалистикалық тіркеу (картачкалар Ф.1.0, Ф1.1)

Сонымен қатар, «ХГТУ көшбасшысы» интеллектуалды ойынына 5В030100 «Құқықтану» мамандығының студенттері қатысады. Кез келген мерекелерінде заңға тиесілі кездесулер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып өткізіледі. Студенттер үлкен қызығушылық танытады және тақырыптың негізгі мәселелерін талқылады.
Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу үшін Дін істері департаментінің әлеуметтік бастамалары орталығының қызметкерлерімен кездесулер үнемі өткізіліп тұрады.
Кафедра студенттері «Есірткі затқа қарсымыз», «СПИД-ке қарсы қозғалыс» акцияларына белсенді қатысады. Жастар комитетінің басшылығымен түрлі қайырымдылық акциялары «Жас заңгер» турнирі 1,2,3 курстар арасында өткізіліп тұрады. Жеңімпаз студенттерге Университет құрылтайшысы Ж.Оңалбек мырзаның кубогы табысталады.

«Құқықтану» кафедрасының базасында студенттік ғылыми үйірме – «Жеті жарғы» жұмыс істейді. Студенттердің ғылыми үйірмелері студенттердің ғылыми белс енділіктің кеңеюіне және студенттердің бос уақытында немесе арнайы уақытында ғылыми-зерттеу жұмыстарының дағдыларын қалыптастыруға бағытталған ғылыми жұмысының нысандарының бірі болып табылады
Кафедра ОПҚ құрамы кәсібилікті дамыту, оқытушыларға білім алушылардың жаңа рөлі мен құқықтары туралы, студенттік орталандырумен оқыту принциптерімен хабардар ету үшін, үздіксіз біліктілігін арттырудан өтіп отырады, принциптері туралы студенттерге өздерінің жаңа рөлдері мен құқықтарын оқыту, студенттік орталандыру технологияларымен оқыту, ақпараттандыру мақсатында ақпарат беріп отырады.
Профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру профилінде инновациялық технологияларды, инновациялық нысандары мен оқыту әдістерін оқиды. Барлық оқытушылар жыл сайын ақпараттық технологияларды қолдану әдістерін жетілдіру бойынша семинарлар мен практикалық тренингтерге қатысады.
Кафедрада факультеттің білім беру қызметін лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптарына сай келеді.
2017-2018 оқу жылында кафедраның ғылыми пайыздық үлесі жалпы оқытушылар құрамының жалпы санының 50% -ы.
«Құқықтану» кафедрасының кадрлық саясаты қызметкерлердің ғылыми әлеуетін жүйелі түрде арттыруға бағытталған. Педагогикалық, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарын жүргізеді, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын басқарады және және өз бетімен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Пройдите по ссылке: