Педагогика және филология факультеті

Факультет деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы –

Куздеубаева Алия Бекхожаевна

Факультет құрамындағы кафедралар:

Жалпы мәлімет

Гуманитарлық-педагогикалық мамандықтар негізінде 2018 жылы «Педагогика және филология» факультеті құрылды. Факультет кұрамында 3 кафедра жұмыс істейді. «Тілдер» кафедрасының меңгерушісі  филол.ғ.к., аға оқытушы  Р.Т.Кожабекова, «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., аға оқытушы Ә.Т.Утебаева, «Қазақстан тарихы және гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі а/ш.ғ.к., аға оқытушы К.У.Қарабаева.

Факультетті п.ғ.к., аға оқытушы А.Б.Куздеубаева басқарады. Деканның оқу жұмысы жөніндегі орынбасары  магистр, аға оқытушы Г.Д.Сапатаева және әдіскер қызметін Г.Жолбарыс атқарады.

Факультетте студенттердің қазіргі заман талабына сай білім алуы үшін барлық жағдайлар жасалған. Оқу кабинеттері, интернет жүйесіне қосылған 7 компьютер класы,  интерактивті оқытудың комплекті жүйесі студенттер игілігі үшін  қызмет көрсетеді.

Факультетке қарасты 3 кафедрада ПОҚ – , оның ішінде 1-phd доктор,  23-ғылым кандидаты, 8-аға оқытушы, 37-ғылым магистрі бар. Факультетте 7 мамандық бойынша  1018  студент білім алып келеді. Студенттерге дәріс мемлекеттік тілде жүргізіледіжәне 3 тілде оқытылатын 2 топ бар. Факультет студенттері көптеген халықаралық, республикалық байқауларға және ғылыми конференцияларға қатысып  жетістіктерге жетіп, марапаттауларға ие болды.Мемлекеттік жастарды жұмыспен қамту бағдарламалары және бітірушілердің университетте алған терең теориялық білімдерінің нәтижесінде оқу орнымыздың түлектерінің жұмысқа орналасуы қазіргі таңда 95% құрап отыр.

Пройдите по ссылке: