Педагогика кафедрасы

Кафедра меңгерушісі п.ғ.к., аға оқытушы Утебаева А.Т.

Кафедра тарихы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті 05010300  «Педагогика және психология» мамандығына АА№0000239 11.09. 2003 жылы, 05010200- «Бастауыш  оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»мамандығына 26.04.2004 жылы АА№0000239 мемлекеттік лицензияға қосымша берілді.

2008- 2009 оқу жылында кафедраның аты «педагогика және психология» кафедрасы болып өзгертіліп, жоғарыдағы аталған мамандықтарды дайындау жұмысы жалғастырылды. Осы жылдары кафедраны педагогика ғылымдарының кандидаты Б.С.Дилимбетова басқарды. Сонымен  қатар  кафедра  «Педагогикалық»  факультетінің  құрамына   кірді. Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің бірден бір алдыңғы қатардағы, «Педагогика және психология» кафедрасы 5В010200  «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» және 5В010300  «Педагогика және психология» мамандығының бакалавр мамандарын даярлайды. 2013-2017 оқу жылына дейін кафедраны п.ғ.к. Қ.О.Өтеген басқарды. Қазіргі таңда п.ғ.к., Утебаева А.Т. басқарып келеді. Утебаева Алия Тукеевна п.ғ.к., аға оқытушы, кафедра меңгерушісі. « А. Алтынсарин», «Ұлағатты ұстаз», « Шығармашыл ұстаз», «Үздік автор»  атындағы –  төс белгілер  иегері.

 2018-2019 оқу жылынан бастап, кафедра  «Педагогика» кафедрасы болып өзгертілді.

«Педагогика және психология» кафедрасында 2018-2019 оқу жылында 20 профессор-оқытушылары қызмет атқаруда. Оның ішінде ғылым докторы-1, 5-ғылым кандидаты, 4 магистр аға оқытушы, 9 магистр және 1 лаборант  жұмыс істейді. Ғылыми дәрежелері және атақтары бар ПОҚ-ның саны 47,0 %-ды құрады. Ғылыми дәрежелері          және атақтары бар оқытушылардың орташа жас көлемі – 45 жас.

Атап айтар болсақ:

  1. Утебаева А.Т. каф. меңг. аға оқытушы
  2. Садыков Ж. доцент
  3. Оразбекұлы Қ. доцент
  4. Медетбекова Н. аға оқытушы
  5. Сахиева Ф. аға оқытушы
  6. Ысқақ Бегім доцент
  7. Өтеген Қ. О. аға оқытушы
  8. Исабаева А.С. аға оқытушы
  9. Сыдыкова З.Е. аға оқытушы
  10. Бейсенбаева Б.С. аға оқытушы
  11. Қурманбекова Ж.        аға оқытушы
  12. Сырлыбаева К.А. оқытушы
  13. Нұрлыханқызы Е. оқытушы
  14. Асқарқызы Д. оқытушы
  15. Барахова Р.К. оқытушы
  16. Ибадулла А.Қ. оқытушы
  17. Таджимуратов Н оқытушы
  18. Сапатаева Г. оқытушы
  19. Жантасова Ж. аға оқытушы
  20. Алиева Ш. оқытушы

«Педагогика» кафедрасында 5В010200-«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», 5В010300  «Педагогика және психология» мамандықтары бойынша бакалавр мамандықтары даярланады.

Кафедрада ПОҚ құрамы Тәжікстан Республикасы,  Педжикент  қаласынан  келген  Тәжікстан педагогикалық университетінің  профессор – оқытушылар құрамымен

Кафедра меңгерушісі Утебаева А.Т. Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығында өткізілген семинарда.

Кафедралық ашық тәрбие сағаты «Ұстазы жақсының – ұстамы мықты»

«Ұлы – Наурыз» мерекесіне арналған мерекелік іс- шара

Кафедраның жетістіктері. Жыл сайын университетте және басқа да Республикамыздағы ЖОО-дағы өтіп жатқан республикалық, халықаралық ғылыми-теориялық, практикалық ұйымдастырылып жатқан конференцияларға оқытушы-профессорлар құрамы түгелімен қатысып, үлкен жетістіктерге жетуде. «Студенттер-қоғамның ірі интеллектуалдық потенциалы» атты студенттердің І ғылыми-практикалық конференциясында және «Қазақстан-2050 бағдарламасын жүзеге асыру-жастардың қолында» атты студенттердің ІІ Республикалық ғылыми-практикалық конференциясында мақалалары жарық көрді. Сонымен қатар студенттерде ұйымдастырылып жатқан аймақтық, республикалық, халықаралық конференцияларға қатысып үлкен жетістіктермен оралды. Шабыт-2013, Шабыт-2014,Шабыт-2015,Шымкент-2016 Қыз аруы байқауларында 5В010200-«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 2-курс студенті Қасымова Ақжарқын, Бегимбетова Айжан бас жүлдені иеленді.Сонымен қатар кафедра оқытушылары мен студенттер Түркістан қаласындағы Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен «Жолдау күші-қуатында» атты тақырыпта өткізілген – ҮІ Республикалық педагогикалық олимпиадаға қатысып, үлкен жетістіктермен оралды.2014-2015 оқу жылында 12 – 13 ақпанда Халықаралық гуманитарлық – техникалық университетінің 15 жылдығына арналған«Ғылым,білім және тәжірибенің үйлестірілуі» атты тақырыпта профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-практикалық конференциясы өтті. .Конференцияға көршілес көптеген елдерден ғалымдар келіп қатысып, тың ғылыми жаңа идеялар мен білім жетістіктері ортаға салынды және ғылыми мақалалар томдық жинақтарда жарияланды.2014 –2015 оқу жылы 23 сәуірде «Нұрлы жол – болашаққа бағыт» атты III ғылыми – тәжірибелік студенттік конференция болды, онда Қазақстанның түкпір- түкпірінен, шалғайдағы ауылдардан мектептегі жас ғалымдар мен университетіміздің студент – жастары белсене қатысты. Конференцияның барысында ғылыми  баяндамалар  тыңдалып, нәтижесінде үздік деп танылған жас ғалымдар үздік орындарға ие болып, сертификаттар алып, алғыс хаттармен марапатталды.2015 жылдың 11 қыркүйегінде Шымкент қаласы, «Түркістан» сарайында «Қазақ хандығының 550 жылдығына» арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара қазақ хандары жайлы көрініспен ашылып, қазақ хандығының құрылымы мен тарихы жайлы баяндалып, студенттер тарихымыз жайлы мол мәлімет алды, нәтижесінде қазақ халқына деген патриоттық сезімдерінің артуына ықпал етті.2015 жылдың 23 қыркүйегінде Университет алаңында ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасының тапсырысы бойынша «Күрең тұлпар» қоғамдық бірлестігі және ХГТУ-мен бірлесе отырып «Мен өз елімнің патриотымын!» атты акциясына қатысып, еліміздің жетістіктері мен алға қойылған мақсаттары жайлы баяндамалар тыңдап, патриоттық әнге флэщмоп билеумен аяқталды.

«Қазақстан – ХХІ ғасырдың бітімгері» ғылыми – тәжірибелік студенттік конференциясы

«Кәсіби құзыреттілік жолы және функционалды сауаттылық» семинары

«Педагогика және психология», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1курс студенттері «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның ОҚО бойынша филиалының ғимаратында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы мен «Старт-ап Болашақ» жобасы жөнінде түсіндерме жұмыстарына қатысып, болашақтарына бағыт-бағдар алды, алдарына мақсат қойып, болашақта өз кәсіптеріне деген мақсаттарын жоспарлауға үлкен септігін тигізді.

Пройдите по ссылке: