Тілдер кафедрасы

«Тілдер» кафедрасының меңгерушісі филология ғылымдарының кандидаты Қожабекова Райхан Турсынзадакызы

«Тілдер» кафедрасының ПОҚ құрамы

 Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті бұрыннан келе жатқан жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Қазіргі қоғамның дамуы, экономикалық гүлденуі, өмір сапасы, ұлттық қауіпсіздігі білім беру саласының жағдайымен, ғылымның өрістеуімен, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін тәжірибе жүзінде пайдалану тиімділігімен айқындалады.

Қазіргі заманда білім беру мен ғылымның құндылығы көпшілікке танылуымен қатар, жалпы адамзаттың рухани қазыналарының қатарына кіреді. Университеттің ерекше миссиясы қоғамның динамикалық дамуының негізі болатын ғылым мен білімнің кірігуімен жүзеге асады. Осы орайда, университеттер білім беру және ғылым мен ағарту ісінің мұраттарына қызмет етудің, интеллектуалдық еркіндікті іске асырудың, мемлекет пен қоғамның тұрақты дамуына салмақты үлес қосудың, жас ұрпақты тәрбиелеудің үлгілері ретінде қарастырылады.

Кафедра классикалық университеттер дәстүрлерін жалғастыра отырып, университеттік білім берудің тұрақты жоғары деңгейі мен іргелілігін сақтауда. Кафедрада үш бакалавр мамандықтары дайындалады. Олар:

  • 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті;
  • 5В012200 – Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті;
  • 5В011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі мамандықтары

 «Тілдер» кафедрасында 2018-2019 оқу жылында 26 оқытушы-профессорлық құрам қызмет атқаруда. Оның ішінде ғылым докторы – 1, ғылым кандидаттары – 6, аға оқытушы – 7, магистр оқытушылар – 11, және 1 лаборант  жұмыс істейді. Ғылыми дәрежелері және атақтары бар ПОҚ-ның саны 48,0 %-ды құрады. Ғылыми дәрежелері және атақтары бар оқытушылардың орташа жас көлемі – 45 жас.

 «Тілдер» кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы:

  1. Қожабекова Райхан Турсынзадакызы – ф.ғ.к., аға оқытушы;
  2. Бахадырова Сарыгул – ф.ғ.д.,профессор;
  3. Таукебаева Рима Байгараевна –  доцент,ф.ғ.к;
  4. Қалдаяқов Көшербай – ф.ғ.к., аға оқытушы;
  5. Карабаева Лаура Кошкаровна – п.ғ.к.,аға оқытушы;
  6. Баймыш Лаура Құрманәліқызы –  ф.ғ.к.,аға оқытушы;
  7. Ереханова Фатима Турехановна –  ф.ғ.к.,аға оқытушы;
  8. Тойшиева Рая – аға оқытушы;
  9. Асанова Гулзат Сейтмуратовна –  аға оқытушы;
  10. Байбосынова Мухаббат Абдурахимовна –  аға оқытушы;
  11. Курманбаева Патима –  аға оқытушы;
  12. Алпысбаева Нуржамал Тастановна-  аға оқытушы;
  13. Байырбеков Марат Төреханұлы – аға оқытушы;
  14. Закирова Гузалия Фаритовна – аға оқытушы;
  15. Ахметова Айгул Есенгельдиевна – магистр, аға оқытушы;
  16. Байларова Тұрсынай Хужахмедовна – магистр, аға оқытушы;
  17. Алибекова Маншук Ерназаровна – магистр, аға оқытушы;
  18. Джунусбекова Жанат Сабитовна – магистр, аға оқытушы;
  19. Томарбаева Салтанат – магистр, аға оқытушы;
  20. Жумагулова Нургуль Жарасовна – магистр оқытушы;
  21. Асанова Айсулу Сарсенбаевна – магистр оқытушы;
  22. Қантаева Маржан – магистр оқытушы;
  23. Даулеталиева Динара Мыктыбаевна – магистр оқытушы;
  24. Болатова Анар – магистр оқытушы;
  25. Коканбаева Меруерт Бакитгалиевна – магистр оқытушы;
  26. Тажиметва Эльмира Бекзатовна – магистр оқытушы;
  27. Максутова Сауле Амангельдиевна – оқытушы.

 Кәсіби іс-тәжірибе білім алушының теориялық дайындығын бекітуге және тереңдетуге және олардың кәсіби қызмет саласында практикалық дағды мен құзіреттерді меңгеруіне, сонымен қатар өзіндік кәсіби қызмет тәжірибесін меңгеруге бағытталған. Іс-тәжірибенің мақсаты – білім алушылардың кәсіби қызметтің барлық түрлерін кешенді меңгеруі, жалпы және кәсіби құзіреттерді қалыптастыру, сонымен қатар мамандық бойынша қажет практикалық жұмыстың білімі мен тәжірибесін меңгеру болып табылады. Педагогикалық іс-тәжірибенің мақсаты жалпы ғылыми, мәдениеттану, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша білімді бекіту және тереңдету, сонымен қатар педагогикалық қабілет, дағды және құзіреттерді теориялық білімі негізінде қалыптастыру болып табылады.

Педагогикалық іс-тәжірибе білім алушылардың оқуының барлық кезеңінде әрбір курста өткізіледі және мыналардан тұрады:    

Кәсіби іс-тәжірибе жоғарғы білімнің оқу бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады. Ол келесідей түрлерге бөлінеді:            

·         Оқу (танысу) іс-тәжірибесі;            

·         Оқу (тілдік) іс-тәжірибесі;            

·         Педагогикалық іс-тәжірибесі;            

·         Өндірістік іс-тәжірибесі;            

·         Диплом алды іс-тәжірибесі.

Жоғары оқу орындары білім алушыларының оқу (танысу) іс-тәжірибесінің мақсаты – оқу процесінде алынған теориялық білімді бекіту және тереңдетуді қосатын, бастапқы кәсіби құзіреттерді меңгеру, зерттеу қызметінің бірінші дағдыларын алу, іскерлік келіссөздер жүргізу қабілетін алу, оқудың мамандығына сәйкес практикалық қабілет пен жұмыс дағдыларын меңгеруі болып табылады.             

Білім алушылардың оқу кезеңдерінің әртүрлі кезеңдерінде іс-тәжірибенің мақсаты мен міндеттері бір-бірінен ерекшеленеді, дегенмен олар басқа оқу формаларымен өзара органикалық байланысты. Іс-тәжірибелердің түрлері мен мерзімдері мамандықтардың оқыту стандарттарымен, оқу жоспарларымен, академиялық күнтізбемен орнатылады, ал мазмұны – кафедралар жасайтын іс-тәжірибенің жұмыс бағдарламаларымен орнатылады.

Кафедра келісі оқу орындарымен келісім-шартқа тұрған.            

1.Шымкент Университеті;           

2.Қазақ инжинерлі-педагогикалық халықтар достығы университеті;           

3.Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеттері.

Кафедраның  алдында заман талабына сай студенттерге сапалы білім беру ғылыми-материалдық қор жинау сияқты көптеген міндеттер бар. Кафедра оқу үрдісінің талабы бойынша окулықтармен, оқу-қуралдарымен, көркем әдебиеттермен толықтай камтамасыз етілген, мамандандарылған пәндер бойынша арнайы дәрісханалар, лингафон, интербелсенді тақталармен толықтай қамтамасыз етіліп, студенттердің сапалы білім алуы үшін заманауи жағдайлар жасалған.

Оқытушылар және студенттер жыл сайын ғылыми-теориялық конференцияларда баяндамалар жасап отырады. Ең үздік баяндамалар Республикальқ конкурстарға ұсынылады, 2017 жылы кафедрадан Республикалық жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауына үш жұмыс жіберілді. 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша 2 курс студенті Қаумбаева Луиза Даулетовнаның «Қaзipгi қазақ жастарының сөйлеу мәдениеті» такырыбына жазылған ғылыми жұмысы жүлделі III дәрежелі дипломмен марапатталды. 

  • 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы студенттері қазақтың ақын-жазушыларымен, коғам кайраткерлерімен кездесу өткізіп тұрады. Кафедра өткізген тәрбие жұмыстары дәстүрлі филологтардың он күндігі, «Тұсау кесер», «Домбыра дастан» сиякты  ic-шаралар, тәрбие сағаттары «Студент көктемі, «Көңілді тапкырлар клубының» сайыстары, студенттердің  ойынан шығып, есте каларлыктай болып өткізіледі.
  • 5В012200 – Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен мен әдебиеті мамандығы студенттері қаладағы славян орталығымен тығыз қарым-қатынас орнатқан.
  • 5В011900 – Шет тілі: екі шетел тілi мамандығы «English Club» ағылшын клубымен белсенді жұмыс атқарады, сонымен қатар Сорос, Бейбітшілік корпусымен тығыз байланыста жұмыс жасайды.

Кафедрада «Полиглот» үйірмесі жұмыс атқарады.

Пройдите по ссылке: