Спорт және өнер факультеті

Факультет деканы педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Алшынбаев Кулалбек Ильясұлы

Факультетінің мекен-жайы: Быковский көшесі 54

Деканат телефоны: 87012500715

1994 жылы Шымкент педагогикалық  Дене тәрбиесі институтын  «дене тәрбиесі» пәнінің оқытушысын бітірген

2018 жылдан бастап Халықаралық гуманитарлы-техникалық университетінің «Спорт және өнер» факультетінің деканы қызметін атқарады.

100-ден астам ғылыми мақалалар,10 оқулық пен 271 оқу құралдардың авторы.

Факультет құрамында екі кафедра жұмыс жасайды:

Спорт және өнер факультетінің ұжымы жеткілікті түрде жоғарғы шығармашылық әлеуетімен, жауапкершілігімен, өзінің кәсібіне және униврситетіне берілгендігімен ерекшеленеді. Студенттердің спорттық жетісткітерін жоғарылату үшін факультетте  спорттық үйірмелері жұмыс істейді. Атап айтқанда: волейбол,баскетбол,футбол,кіші футбол секциялары және де дизайн шеберханасы,ән үйірмесі жұмыс істейді.Факультетте 2 спорт залы, күрес және кіші футбол алаңдарымен,тренажер залдар оқу үрдңсңне пайдаланылады. Студенттердің педагогикалық шеберліктерін арттыру үшін педагогикалық және теориялық іс-тәжірибелер ұйымдастырылуда.

Факультетімізде қазіргі таңда Спорт әлемінде талай жоғарғы шыңдарда бағындырып  жүрген спорт майталмандары білім алуда. Атап айтқанда:

Ескек есуден Индонезияда өткен Азия ойындарының жеңімпазы И.Голендов, күміс жүлдегерлері Емельянов  С., Емельянов Т., Ананченко О және қола жүлдегер Хайдаров Т.

Греко-рим күресінен 2018 жыл Қазақстан чемпионы Шермаханбет М.А., Қазақша күрестен 2018 жылғы Азия ойындарына қатысушы Аманханова Ғ.Б 1 курс магистранты Ауыр атлетикадан 2016 жыл Рио-де Жанейро олимпиадасының күміс жүлдегері Жаппарқұл  Ж. т.б

Өнер саласы бойынша Қаныбек Алимұхамед, Хашимова Ирада 2018ж Облыстық Современный дом көрмесінде Архитектура және дизайннан арнайы сертификатқа ие болды.

Факультетте студент- жастардың ұлттық – мәдениетіне, рухани-адамгершілігіне, эстетикалық және отансүйгіштік тәрбиесіне аса мән беріп келеді.Жыл майын студенттеріміздің қатысуымен өлкемізде және басқа қалаларда көптеген іс-шаралар,университет байқаулары ұйымдастырылады. Студенттер университетті басқару, білім ордамыздың түрлі мәселелерін шешуде белсенді атсалысып келеді. Университетте ХГТУ жастар саясатының даму мәселелері, студенттердің әлеуметтік қорғалуы,

«Жас отан»   және тағы да басқа ұлттық және аймақтық жастар ұйымдарына қатысу мәселелерімен айналысатын  Жастар ісі және тәрбие бөлімі құрылған.

Пройдите по ссылке: