Дене шынықтыру кафедрасы

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент – Шыршықбаев С.А.

Кафедра шығаратын мамандықтар:

Кафедра «Дене шынықтыру және спорт» мамандарын дайындайды. 5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт» 2005-2006 оқу жылынан, лицензия сер.АА N 0000239, N 506 17.06,2005ж. ҚР БЖҒМ берген. Осы жылдар арасында кафедраның аты бірнеше рет ауысып отырды.
Қазіргі уақытта «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бакалавр дайындайды. ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің N 273 – П 22.11.2002 жылы шыққан бұйрығына сәйкес, дене мәдениеті және спорт мамандығының 1-ші дәрежелі бакалавр мамандығын орындау мақсатында төмендегі жұмыстарды атқаруға құқылы:
Дипломды алғаннан кейін «Дене шынықтыру және спорт бакалавр» магистратура мамандығын жалғастыруға болады.

Профессорлар оқытушылар  құрамы:

Кафедраны п.ғ.к., доцент Шыршықбаев С.А. басқарады. Кафедрада білікті де тәжірибелі оқытушы профессорлар қызмет атқарады. Атап айтқанда 5В010800- Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша п.ғ.д., профессор Ж.К. Оңалбек, п.ғ.д., А. Қарақов, п.ғ.к., профессор Н.О.Ордабаев, доцент Қуанышов С.Ә., доцент Мырзакулов К., п.ғ.к., доцент Алшынбаев К.И.  т.б. жемісті еңбек етіп жүр. Сондай- ақ кафедрада 12 Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы  мамандар мен 9 аға оқытушы магистр, 8 магистр оқытушылар дәріс береді.

Іс-тәжірибе базалары:

5В010800- Дене шынықтыру және спорт мамандығының студенттері Шымкент қаласындағы жалпы орта мектептерінде іс-тәжірибесін өткізеді.

 

Іс-тәжірибе базасының аталуыКелісім шарттар саны
1№49  жалпы орта мектебі2
2Ж.Аймауытов атындағы №64 гимназия мектеп2
3№58 жалпы орта мектеп2
4Ж.Баласағұн атындағы №6 жалпы орта мектеп1
5№72 жалпы орта мектеп2
6Молда Мұса ат.№5 жалпы орта мектеп2
7№13 Мукими атындағы жалпы орта мектеп2
8№14 Айбек атындағы жалпы орта мектеп2
9№ 22 Қорқыт ата атындағы негізгі орта мектебі2
10№ 83  жалпы орта мектебі2

Кафедра зертхана қоры:

Қазіргі уақытта пайдаланылатын оқу ресурстарының сапасы және студенттік қолдау қызметі жұмысының тиімді ұйымдастырылуы жалпы білім беру сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Сондықтан университеттің басшылығы барлық оқу орындарын заманауи оқыту ресурстарымен қамтамасыз етуге және білім беру, жеке және мансаптық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жұмыс жасайтын студенттік қолдау қызметтерінің жұмысын ұйымдастыруға ерекше назар аударады.

Университеттің заманауи материалдық-техникалық базасы 5В010800 – Дене шынықтыру және спорт мамандығының студенттері мен оқытушылары үшін: 2 оқу ғимараты, аудиториялар, арнайы зертханалар, кітапханалар, электронды оқыту бөлмелері, компьютерлік сыныптар, асханалар мен буфеттер, медициналық орталық, спорт залдармен қамтамасыз еткен.

Көрсеткіш атауыАудиториялар саны
1. Оқу  залдары3
2.Электронды оқу  залдары2
3.Жатаққана3
4.Асханалар мен буфеттер3
5.Спортзалдар2
6.Медпункттер3

Студенттердің жетістіктері:

5В010800- дене шынықтыру және спорт мамандығында білім алған және білім алып жатқан көптеген студенттер ҚР біріншіліктерінде,  Азия, Әлем біріншіліктерінде, олимпиада ойындарында өнер көрсетіп ел намысын қорғап жүр.

Аталған спортшыларымыздың ел,университет абыройын,намысын ойдағыдай дәрежеде қорғап,жоғары жетістіктерге жетуіне әрқашан университеттің құрылтайшылары өз үлесін қосып отырады. Жеке тоқталар болсақ халықаралық дәрежедегі спорт шеберлеріне 100%-дық мөлшерде, Қазақстан спорт шеберлеріне 70-50% мөлшерде жеңілдіктер  беріліп отырады. Бұған қоса университетте  оқитын  тұл жетім, жартылай жетім және  көп балалы семьяда оқитын студенттерге  өз деңгейінде  жеңілдіктер беріледі. Сонымен  қатар жақында  Алматы қаласында өткен қысқы XXVII-ші бүкіл әлемдік универсиаданың фристаил (акробатика)түрінен жеңімпаз болған университеттің  студенті  Инкарбек Бағланға өз қалтасынан 1 млн. теңге сыйақы берді

Осындай игі істердің,қамқорлықтың нәтижесі болу керек университетте білім алған және білім алып жатқан  студенттер мен магистранттар  толағай  табыстарға жетіп жатыр. Атап айтқанда;

  • Инкарбек Бағлан 2017жылы Бүкіл әлемдік қысқы спорт түрлерінен универсиада жеңімпазы,2017ж Алматы.
  • Оспанов Арман ережесіз жекпе- жектен әлемнің 3 дүркін жеңімпазы
  • Ергешова Феруза Таэквандодан Азия чемпионы, Лондон олимпиадасына қатысушы.Әлемнің күміс жүлдегері Литва 2014ж , ҚР бірнеше дүркін жеңімпазы
  • Садуақасов Нұрдәулет қол күрестен Азия жеңімпазы 2015ж Анталья, ҚР бірнеше дүркін жеңімпазы
  • Қарсыбай Ғалымжан қол күрестен Азия жеңімпазы 2015ж Анталья, ҚР бірнеше дүркін жеңімпазы
  • Сұлтанбеков Даулет Ескек есуден Азия жеңімпазы , Рио-Де-Жанейро олимпиада жолдамасының иегері.
  • Файзоллаева Майра ауыр атлетикадан Азия біріншілігінің қола жүлдегері, 2015 Тайланд, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
  • Емельянов Тимофей Ескек есуден Азия біріншілігінің жеңімпазы,әлем жеңімпазы ,2016 ж Беларуссия, Ескек есуден Азия чемпиоанытының жеңімпазы, 2018ж. Индонезия
  • Емельянов Сергей ескек есуден 5 дүркін әлем жеңімпазы,2016 ж Беларуссия , Ескек есуден Азия чемпиоанытының жеңімпазы, 2018ж. Индонезия
  • Саменов Нұрлыбек ауыр атлетикадан 2015 жылғы ЖОО универсиаданың жеңімпазы , спорт шебері.
  • Әшім Зайд ауыр атлетикадан 2015 жылғы ЖОО универсиаданың күміс жүлдегері, спорт шебері.
  • Түлкібек Айдана жеңіл атлетикадан ҚР біріншілігінің жүлдегері, спорт шеберлігіне үміткер.
  • Мухиддинов Атабек пауэрлифтингтен Азия біріншілігінің жеңімпазы,2016 Индия,Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
  • Бауыржанқызы Дина каратэ- до дан Азия біріншілігінің күміс жүлдегері, спорт шебері.
  • Ақтаев Талғат- қол күрестен Әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
  • Рустембек Талғатбек- қол күрестен Әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
  • Айдархан Нұрдәулет- қол қүрестен әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
  • Анықбай Беймен- қол күрестен Азия біріншілігінің күміс жүлдегері, спорт шебері.
  • Сейдулла Бекайдар қол күрестен Азия біріншілігінің қола жүлдегері, спорт шебері.
  • Балтабай Акмаржан, Халық ойындары Республикалық жарыста 1 орын, Ақтау қаласы 2018 ж
  • Алмазууглу Сундет, Халық ойындары Республикалық жарыста 1 орын, Ақтау қаласы 2018 ж
  • Асқаров Нұрлыбек, Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарында жеңімпаз, Қырғызстан
  • Әшен Бексұлтан Мұхитұлы, жастар арасындағы Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы, Ақсай, Орал 2018ж

Үйірмелер, жобалар:

«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасында студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Спорт шеберлігі» үйірмесі құрылды. Үйірмеге екі мамандықтың   студенттерінен құралған топ қатысуда. Үйірмеге жауапты магистр  аға  оқытушы  Беков А.А. тағайындалып, үйірме жоспары жасалды.

Спорт түрлеріГруппа саныҚатысушылар саныЖаттықтырушылар саны
БарлығыОның ішінде штаттық тізімдегілер
1Президенттік көпсайыс13222
2Баскетбол13621
3Гандбол11422
4Тоғызқұмалақ11122
5Волейбол11022
6Қол күрес12422
7Шахмат, шашки11221
8Стол теннисі1821
9Футбол1721
10Жеңіл атлетика11022

Студенттер ғылыми жұмыстарын кафедрадағы үйірмелерде талқылап,  эксперименттік зерттеулер жүргізіп, алынған нәтижелерін жыл сайын өткізілетін студенттердің ғылыми-зерттеу конференциясында баяндайды.

ПОҚ ғылыми қызметі, еңбектері:

«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының ғылыми зерттеу жұмысының бағыты: «Дені саудың жаны сау деген ұранды қағидатқа алады. Осы бағытта бойынша кафедра профессор-оқытушы құрамы еңбектерінің халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалды және шетел басылымдарында жариялануда. Кафедра ғылыми жұмыстарының бағыттары бойынша жоспарға сай жұмыстарды жүргізуде. Сонымен қатар ғылыми-практикалық зерттеу жұмыстары бойынша төмендегі кафедра профессор-оқытушылары құрамының жетекшілігімен монография, оқулық, оқу құралдары және оқу-әдістемелік кешендері, отандық және шетелдік басылымдарда ғылыми мақалалар жарияланды.Төмендегі кестедегі мәліметтер соның айғағы:

Кафедраның профессор-оқытушылары өз білім дәрежесін үнемі жоғарылатып, ғылыми-зерттеу жұмысымен үздіксіз айналысып, білім беру мен тәрбие мәселелері қарастырылатын республикалық, халықаралық конференцияларға, т.б. симпозиумдар мен сессияларға қатысып, университет көлемінде, республикалық деңгейде ұйымдастырылған тәрбиелік іс-шараларға белсене ат салысады.

Пройдите по ссылке: