Өнер кафедрасы

«Өнер» кафедрасының  меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент –  Утешева Алия Жалеловна

«Өнер» кафедрасы келесі мамандықтар бойынша студенттер мен магистранттарды дайындайды:

5B010600 – «Музыкалық білім» (бакалавриат),

5B012000 –«Кәсіптік білім» (бакалавриат),

5B042100  – «Дизайн» (бакалавриат),

6М042100  – «Дизайн» (магистратура)

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Утешева Алия Жалеловна «Өнер» кафедрасының меңгеруші қызметін атқарады.

Өнер кафедрасының ұжымы білім беру мен мәдениет саласының жоғары білікті мамандарын дайындауда, солардың қатарында жоғары білікті кәсіп мамандары мен дизайнерлері де бар. Оның ішінде:

1 педагогика  ғылымдарының  кандидаты, доцент; 1өнертану  кандидаты, доцент;

2 педагогика  ғылымдарының  кандидаты, 1 экономика  ғылымдарының  кандидаты,

1 ҚР Құрметті сәулетшісі , 1 ҚР Cуретшілер Одағының мүшесі, 3 ҚР Мәдениет қайраткері ,

1 ҚР Дизайнер Одағының  мүшесі, 6 магистр, 11 аға оқытушы.

  1. Утешева А.Ж., п.ғ.к., доцент
  2. Куздеубаева А.Б., п.ғ.к., аға оқытушы
  3. Ниязов А.К., өнертану канд., доцент
  4. Джакипбекова М.Ж., п.ғ.к., аға оқытушы
  5. Жанабаева Ж.С., э.ғ.к., аға оқытушы
  6. Сейілбекова Ү.К., ҚР Мәдениет қайраткері, аға оқытушы
  7. Жақсыбеков С., ҚР Мәдениет қайраткері, аға оқытушы
  8. Омаров Б.Е., ҚР СО мүшесі, аға оқытушы
  9. Ауезов О.А., ҚР Құрметті сәулетшісі, аға оқытушы
  10. Досанова Б.А., ҚР ДО мүшесі, аға оқытушы
  11. Ескенеев Ф., ҚР Мәдениет қайраткері, оқытушы-магистр
  12. Арыстанова Ж.Е., магистр-аға оқытушы
  13. Даулеталиева С.О., магистр-аға оқытушы
  14. Жунисова Н., магистр-аға оқытушы
  15. Оспанова Л.Н., аға оқытушы
  16. Акбердиева Г.Ж., аға оқытушы
  17. Оспанова А.Д., аға оқытушы
  18. Жузеева К.Е., аға оқытушы
  19. Шуланбеков Ж.Б., аға оқытушы
  20. Абдуллаева Г.С., аға оқытушы
  21. Таубаева Р.К., аға оқытушы
  22. Ештаев А., аға оқытушы
  23. Мейрбекова Р.Б., аға оқытушы
  24. Атанчаева Л.Е., аға оқытушы
  25. Сырайлова Р.Т., аға оқытушы
  26. Ауелбеков Н., оқытушы-магистр
  27. Даулетов Т.Ш., оқытушы-магистр
  28. Арап А., оқытушы-магистр

Кафедраның оқу жоспарына және 2007 жылғы 27 шілдедегі ҚР Заңының талаптарына (өзгерістермен және толықтырулармен), жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес «Өнер» кафедрасының мамандықтарында оқу іс-тәжірибелерінің келесі түрлері өткізіледі: педагогикалық, өндірістік, өлшемдік, оқу (таныстыру, пленэрлік), диплом алды, оның мақсаты – теориялық білімді тереңдету және меңгеру, мамандық бойынша тәжірибелік дағдылар мен біліктіліктердің көлемін кеңейту болып табылады.

«Өнер» кафедрасының мамандықтар бойынша іс-тәжірибелер базалары келесі кәсіпорындар мен ұйымдар болып табылады: «Восход» ЖШС, ОҚО әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі, «Аэс-Бек» ЖШС, «Өрнек» ЖШС, «АртЭль» ателье ЖШС, «Шыршықбаева» Ателье «Алия» ЖК, «Саулет» ЖК, «Жаңа талап-МТ» ЖШС, М. Жұмабаев атындағы №39 жалпы білім беру мектебі, Қорқыт ата атындағы №22 Негізгі орта мектебі, С. Ерубаев атындағы №24 жалпы білім беру мектебі.

Іс-тәжірибе басталғанға дейін ұйымдастыру жиналысы өткізіледі, онда білім алушылар әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етіледі, орындалатын дипломдық жұмыстың тақырыбын ескере отырып, базаларға бөлінеді, іс-тәжірибе жетекшілерімен танысады. Іс-тәжірибеден өту нәтижелері бойынша қорытынды конференция өткізіледі, онда білім алушылар сөз сөйлейді, теориялық оқыту мен нақты іс-тәжірибенің өзекті мәселелері қарастырылады.

Кәсіби іс-тәжірибенің сапасын арттыру бойынша ұсыныстар мен тілектер қабылданады. Іс-тәжірибе базасы жаңартылады, жаңарту кезінде жекелеген білім алушыларға келіп түскен сұраныстар оқытылады.

120-14 тобының студенті Мырахметова Жанерке 6-сынып оқушыларымен Технология сабағында (Педагогикалық практика)

120-14 тобының студенті Нұрсұлтан Назира 7-сынып оқушыларымен Технология сабағында (Педагогикалық практика)

106-15 тобының студенті Карибозова Ақбота бастауыш сынып оқушыларымен музыка сабағында (Педагогикалық практика)

106-14 тобының студенті Нұрманов Қазтұрған оқушыларымен музыка сабағында (Педагогикалық практика)

Кафедра мамандықтары жоғары оқу орындарындағы білім беру үрдісінің талаптарына сәйкес аудиториялық қормен қамтамасыз етілген. Кафедрада оқу аудиториялары, компьютерлік сыныптар, дәріс аудиториялары, Мәжіліс және конференц- залдары, әдістемелік кабинеттер, мамандандырылған шеберханалар, жеке аудиториялар бар. Оқу аудиториялары заманауи техникалық құралдарымен, кең жолақты интернетпен және әдістемелік стендтермен жабдықталған. Кафедраның жетекші оқытушылары арнайы оқу пәндері мен шығармашылық шеберханаларда үйірме сабақтарын өткізеді: оның ішінде ҚР құрметті сәулетшісі, аға оқытушы О. Ауезовтың «Графика және макеттеу» шеберханасы, ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі, аға оқытушы Б. А. Досанованың «Киім үлгісін құрастыру және модельдеу» шеберханасы, магистр-аға оқытушы Н. Жунисованың «Кәсіптік оқыту»  шеберханасы бар.

Хор мен домбыра сабақтары арнайы кластарында дайындалу үстінде

«Эстрадалық ән» үйірмесінің студенттері дайындалу үстінде

«Дала сыры» домбыра үйірмесіне аға оқытушы Абдуллаева Г.С. жетекшілік жасайды.

Кафедра студенттері ғылыми семинарларға, конференцияларға, әртүрлі байқауларға, шығармашылық көрмелерге және университет, қалалық, республикалық, халықаралық  ауқымдағы және де басқа іс-шараларға белсенді қатысады: ІІІ Республикалық конкурс-фестиваль «Созвездие талантов – Мир. Творчество. Дружба», «Мәңгілік ел» облыстық патриоттық әндер байқауы, «Интерьер дизайны және жиһаз» облыстық көрме-форумы, «Алтын күз» қалалық көрмесі, «Студенттік шақ» облыстық сәулет байқауы, «Заманауи үй» Қалалық көрмесі, «Жас дизайнер» облыстық байқауы, «Шабыт 2017» байқауы, «Арай – 2018» облыстық байқауы,  «Ұлы Жібек Жолында» атты көрме.

Қараша айында дәстүрлі университет көлемінде «Шабыт-17» фестивалі өткізілді

                        В конкурсе «Шабыт» в номинации                  Есірке А. награжден дипломом

                     «Ведущий» Ержанұлы Д. занял ІІ место           «Проект дизайна интерьера жилья»

                                                                                                      филиал области  ЮКО Союз архитекторов РК

Тәжікстанда болған Халықаралық «Сәндік-қолданбалы өнері» байқауынан І-орын  .

Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру Елбасының жолдауы бойынша қаламыздағы ЖОО АӘИУ-де «Ұлы Жібек Жолында» атты халықаралық көрменің ІІ туры болып өтті. Көрмеге барлық білім ордаларының студенттері және де аудан мектептерінің оқушылары  қатысты. Студенттер басқа ЖОО студенттерімен тіл табысып, тәжірибелерімен ортақтасты. Көрме Тәжікстан мемлекетімен онлайн түрінде өткізілді. Көрмеде концерттік бағдарламалармен дефиле ұйымдастырылды. Соңында кафедрамыздың студенттері жасаған бұйымдарының өзектілігіне байланысты, дипломдармен марапатталды. Атап айтқанда. Магистр аға оқытушы Ауелбеков Нұржанның жетекшілігімен Беркінбайқызы Айғаным, Есірке Ақжол дипломдармен марапатталды.

Тәжікстан Республикасының президенті Эмамоли Рахмонның жариялаған «Халық қолөнершілерімен туризм жылы» аясындағы «Ұлы Жібек жолы» халықаралық шығармашылық конкурсында «Сәндік қолданбалы өнері» бойынша Қәсіптік оқыту мамандығыың магистр аға оқытушысы Н.Жунисованың жетекшілігімен КО-117 тобының студенті  І дәрежелі Дипломмен марапатталды.

Облыстық «Арай-2018» жас эстрада әншілері және мәдени іс шара жүргізушілері байқауында жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін «Арай-2018 аруы» арнайы жүлдесімен Джунусалиева Әлима марапатталды.

«Өнер» кафедрасында 2018-2019 оқу жылында студенттер арасынан  кәсіби дамуына арналған шығармашылық үйірмелер

ұйымдастырылған: «Креативті қолөнер» –  үйірменің жетекшісі Б. А. Досанова, «Сәулет» – үйірменің  жетекшісі О. Ауезов, «Палитра» – үйірменің  жетекшісі А. Н. Ештаев.  «Дала сыры» атты домбыра үйірмесінің жетекшісі аға оқытушы Г.С.Абдуллаева, «Дефиле» атты үйірменің жетекшісі аға оқытушы А.Д.Оспанова Дизайн, Кәсіптік оқыту мамандықтарының студенттерін шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамытуға байланысты  «Дефиле» үйірмесі құрылды. «Эстрадалық ән» атты үйірменің жетекшісі ҚР Мәдениет қайраткері Ф.Ескенеев, «Шебер қолдар» атты  үйірменің жетекшісі магистр-аға оқытушы Н.Жунисова

Сәуірдің 26-27сәуір күндері университетімізде «Рухани жаңғыру: Ұлттық сана, білім және мәдениет» атты ғылыми-тәжірибелік студенттік конференциясы өткізілді.

Өнер кафедрасының студенттері Есірке А., Бұқарбай М. пленарлық мәжілістің ашылу күні өз баяндамаларымен шығып, арнайы сертификатпен және сыйлықтармен марапатталды.

Конференцияның екінші күні «ӨНЕР, МӘДЕНИЕТТАНУ ЖӘНЕ СПОРТ» секциясы Акт залында жұмысын бастады.

 «ӨНЕР, МӘДЕНИЕТТАНУ ЖӘНЕ СПОРТ» секциясының төрайымы факультеттің ғылыми зерттеу жұмыстарына жауапты, магистр аға оқытушы Жунисова Набат және де секция хатшысы МБ-117 тобының студенті Таужығар Серікбол жүргізді.

Факультеттің ПОҚ және барлық факультет студенттері конференция жұмысына белсене қатысты.

I орын дәрежелі дипломымен және сыйлықпен «5В042100-Дизайн» мамандығы ДЗ-125 тобының студентті Есірке Ақжол Ғылыми жетекшісі  магистр-аға оқытушы Ауелбеков Н.Е.

«Рухани жаңғыру: ұлттық сана, туған жер, білім және мәдениет» ғылыми-тәжірибелік студенттік конференциясында жасаған баяндамасының өзектілігі мен маңыздылығы үшін  іі  дәрежелі дипломмен марапатталды

IІ орын дәрежелі дипломымен және сыйлықпен «5В010600-Музыкалық білім» мамандығы МБ-117 тобының студенті  Таужығар Серікбол  ғылыми жетекшісі п.ғ.к., доцент Утешева А.Ж.

 IІ орын дәрежелі дипломымен және сыйлықпен «5В012000-Кәсіптік оқыту» мамандығы КО- 117 тобының студентті Бұқарбай Мәликә,  ғылыми жетекшісі:магистр-аға оқытушы Н.Жунисова

«Рухани жаңғыру: ұлттық сана, туған жер, білім және мәдениет» ғылыми-тәжірибелік студенттік конференциясында жасаған баяндамасының өзектілігі мен маңыздылығы үшін  ііі  дәрежелі дипломмен марапатталды

 IІІ орын дәрежелі дипломымен және сыйлықпен Ерланұлы Данияр ДЗ-117 Ғылыми жетекшісі: Ауелбеков Н.Е.

Кафедраның оқытушылар құрамының ғылыми, шығармашылық жұмыстары халықаралық, республикалық, облыстық басылымдарда жарияланады. Музыкалық өнер, дизайн және сәулет, сәндік-қолданбалы өнер шығармашылық мамандықтарының педагогтары түрлі деңгейдегі көрмелерге, байқауларға, фестивальдарға қатысады: «Үздік оқытушы» Республикалық конкурсы, «Менің қалам» қалалық кескіндеме байқауы және т.б.

Кафедра оқытушыларының жетістіктері республикалық және облыстық деңгейдегі мадақтама қағаздарымен марапатталды: ҚР БҒМ Е.Сағадиевтің «ҚР Білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін» Құрмет грамотасымен аға оқытушы Омаров Б. Е.,

ҚР Тәуелсіздік күніне орай Оңтүстік Қазақстан облысының «Qurmеt AB» қоғамдық қорынан  «Білім беру ісінің үздігі» медалімен марапатталған: п. ғ. к., доцент Утешева А. Ж., Абдуллаева Г. С., Мейірбекова Р. Б., Оңтүстік Қазақстан облысының «Qurmеt AB»  қоғамдық қорынан «Ерен еңбегі үшін» А. М. Турдалиев медалімен марапатталған. ОҚО облыстық мәслихатының «Өңірдің сәулет, құрылыс саласының дамуына сіңірген көп жылғы жемісті еңбегі және жоғары жетістіктері үшін» Құрмет грамотасымен аға оқытушы

Ауезов О., «Ұстаз жолы» республикалық қорының «Үздік қызметкері» медалімен аға оқытушы Досанова Б. А. марапатталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

 

Пройдите по ссылке: