Сырттай, кешкі және қашықтықтан оқыту факультеті

Факультет басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор – Нағызбек Ордабайұлы  Ордабаев

2008 жылдан сырттай оқу факультеті,2012 жылдан сырттай,кешкі және қашықтықтан оқыту факультеті болып  атауы өзгерді. Заман талабына, қоғамдық сұранысқа ие жаңадан мамандықтар ашылып, қазіргі таңда факультетте 21 мамандықта 8000-нан астам студент талапқа сай білім алуда.

Спорт мамандықтарында спорттың әр түрі бойынша Азия чемпиондары мен Қазақстан Республикасының бірнеше рет жеңімпаздары бар. Атап айтар болсақ:

Бағлан Іңкәрбек – фристайл-акробатикадан Бүкіләлемдік қысқы Универсиада чемпионы (Астана мен Алматы, 2017), Сергей Емельянов – ескек есуден Әлемнің бес дүркін чемпионы (Беларусь, 2016), Арман Оспанов – ережесіз жекпе-жектен Әлемнің үш дүркін чемпионы,Елжанов Шыңғыс- ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы(2018ж).

Білім беру үш тілде ( қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) жүргізіледі.

Білім беру процесі кредиттік және қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша іске асырылады. Факультетте кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үрдісін қолдану мақсатында (PLATONUS) автоматтандырылған жүйесі қолданылады.

Оқу мерзімі- 2, 3 және 5 жыл.

Факультетте оқытылатын мамандық атаулары

5В010200 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен  әдістемесі

5В010300 – Педагогика және психология

5В010600 – Музыкалық білім

5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу

5В010800 – Дене шынықтыру және спорт

5В010900 – Математика

5В011200 – Химия

5В011300 – Биология

5В011400 – Тарих

5В011600 – География

5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті

5В011900 – Шетел тілі: екі шет тілі

5В012000 – Кәсіптік оқыту

5В030100 – Құқықтану

5В050600 – Экономика

5В050800 – Есеп және аудит

5В050900 – Қаржы

5В060200 – Информатика

5В060800 – Экология

5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

5В073200 – Стандарттау,метрология және сертификаттау(салалар бойынша)

Факультетті педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор  Нағызбек Ордабайұлы  Ордабаев басқарады. Факультет құрамында 1 бас маман, 2 офис-тіркеуші,3 әдіскер  қызмет етеді.

Факультетте 9 кафедра, мол кітапхана қоры жұмыс жасайды. Интернет желісіне қосылған компьютер сыныптары мен электрондық оқу залдары жұмыс істейді.

Пройдите по ссылке: