Технология және ақпараттандыру кафедрасы

Кафедра меңгерушісі  ф.-м.ғ.к., доцент Джунусбеков Жуман Сагынбекович

«Техника және ақпараттандыру» кафедрасында 5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», 5В073200 – «Стандарттау, сертификаттау және метрология», 5В010900-Математика, 5В060200-Информатика, 5В011100-Информатика, 5В011000-Физика, 5В070300-Ақпараттық жүйелер мамандықтары бойынша бакалавр даярланады.

Кафедрада 22 профессор-оқытушы құрамы жұмыс істейді, олардың қатарында 8 ғылым кандидаты, аға оқытушы, магистр оқытушылар-11, жұмыс істейді.

Атап айтсақ:

  1. Жүнісбеков Ж.C.кафедра меңгерушісі ф.-м.ғ.к., аға оқытушы
  2. Сартбай Т.доцент ф.-м.ғ.к.
  3. Агулыков А.А. – к.ф-м.н., доцент
  4. Рахашев Б.К. – к.ф-м.н., старший преподаватель
  5. Қолмықпаев Б.К.доцент м.а т.ғ.к.
  6. Байзаков О.Д.аға оқытушы ф.-м.ғ.к.
  7. Абдрахманов Ж.аға оқытушы п.ғ.к.
  8. Абишов М.С.аға оқытушы а.ш.ғ.к.
  9. Айтжанова З.Д.аға оқытушы магистр
  10. Керімбаева Г.З.аға оқытушы магистр
  11. Касимова Н.А.аға оқытушы магистр
  12. Егизбаева Ж.А. аға оқытушы
  13. Балгимбекова Ұ.Б. аға оқытушы
  14. Абдрашова Э.Т. аға оқытушы магистр
  15. Толеманова А. аға оқытушы магистр
  16. Абишова Г.Б. аға оқытушы магистр
  17. Оралова А. оқытушы магистр
  18. Исахова У оқытушы магистр
  19. Мухамеджанова А.Б. оқытушы магистр
  20. Абдрахманова Г. оқытушы магистр
  21. Батырбекова П. оқытушы магистр
  22. Қоңырбай Ж.А. лаборант

Білім алушылардың іс-тәжірибеде кәсіптік қызметтің барлық түрлерін кешенді игеруге, жалпы және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға, сонымен қатар, мамандық бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі мен дағдыларын игеруге бағытталған.

Іс тәжірибе жоғары білікті мамандарды даярлаудың маңызды бөлігі болып табылады және әр түрлі салалардағы кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда, мемлекеттік мекемелерде, ғылыми орталықтарда және т.б. өткізіледі.

Іс тәжірибе базалары мынадай компаниялармен жасалған келісімшарттарға сәйкес жүзеге асырылады: ЖШС «KAZTIL DAMU» ЖШС, «Промстрой-Маркет» ЖШС, «Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжі» және т.б. 

Барлық кәсіби іс тәжірибелердің тиімділігі студенттердің іс-тәжірибе кезінде алынған құзыреттіліктерінде көрінеді.

Кафедра қарамағында заманауи 9 оқу аудиториясы, оның ішінде 7 жаңа құрал жабдықтармен қамтылған компьютерлік класстар, физика мамандықтарына арналған 1 лабораториялық кабинет және стандарттау және сертификаттау мамандығына арналған 1 лабораториялық кабинет бар.

«Техника және ақпараттандыру» кафедрасы жыл сайын студенттер аймақтық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобаларға, студенттік интеллектуалдық ойындар мен ғылыми семинарлар, дөңгелек үстелдер, конкурстар, зияткерлік ойындарға қатысып отырады. Ғылыми конференцияда 5В060200 «Информатика» мамандығының 2 курсының ИФ-215 тобының студенті Қанат Құралай «Үштілділік білім беру жүйесінің информатиканы оқытуда қолданудың тиімділігі» тақырыбында баяндама жасап 1-орын алды. Ал ИФ-215 тобының студенті Бейсенбай Азиза «Веб сайт құру орталарына талдау жасау» тақырыбында ғылыми баяндама жасап, 3-орын иемденді. Студенттер үлкен қызығушылық танытты және тақырыптың негізгі мәселелерін талқылады.

Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу үшін Дін істері департаментінің әлеуметтік бастамалары орталығының қызметкерлерімен кездесулер үнемі өткізіліп тұрады.

«Техника және ақпараттандыру» кафедрасының базасында студенттік ғылыми үйірме – «InfoBook» информатика мамандығының студенттері үшін, «Жас математик» математика мамандықтары үшін жұмыс істейді. Студенттердің ғылыми үйірмелері студенттердің ғылыми белсенділіктің кеңеюіне және студенттердің бос уақытында немесе арнайы уақытында ғылыми-зерттеу жұмыстарының дағдыларын қалыптастыруға бағытталған ғылыми жұмысының нысандарының бірі болып табылады

Кафедра ОПҚ құрамы кәсібилікті дамыту, оқытушыларға білім алушылардың жаңа рөлі мен құқықтары туралы, студенттік орталандырумен оқыту принциптерімен хабардар ету үшін, үздіксіз біліктілігін арттырудан өтіп отырады, принциптері туралы студенттерге өздерінің жаңа рөлдері мен құқықтарын оқыту, студенттік орталандыру технологияларымен оқыту, ақпараттандыру мақсатында ақпарат беріп отырады.

 Профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру профилінде инновациялық технологияларды, инновациялық нысандары мен оқыту әдістерін оқиды. Барлық оқытушылар жыл сайын ақпараттық технологияларды қолдану әдістерін жетілдіру бойынша семинарлар мен практикалық тренингтерге қатысады.

Кафедра факультеттің білім беру қызметін лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптарына сай келеді.

2018-2019 оқу жылында кафедраның ғылыми дәрежелік пайыздық үлесі жалпы оқытушылар құрамының жалпы санының 60% -ы.

«Техника және ақпараттандыру» кафедрасының кадрлық саясаты қызметкерлердің ғылыми әлеуетін жүйелі түрде арттыруға бағытталған. Педагогикалық, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарын жүргізеді, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын басқарады және өз бетімен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Пройдите по ссылке: