ХГТУ-ға қалай түсуге болады?

ХГТУ-ға қалай түсуге болады?

ХГТУ-ға түсу үшін мектеп бітіргеннен кейін ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) тапсыру қажет. ҰБТ-ны табысты тапсыруға мектеп курсының ынталы оқуы және білімдегі олқылықтарды жою үшін репетиторлармен қосымша сабақтар көмектеседі.

Егер сіз мектепті биыл бітірмесеңіз, – талапкерлердің кешенді тестілеуін (ТКТ) тапсыру қажет болады.

Бакалавриат 

Бакалавр таңдаған мамандығы бойынша қажетті білім алғаннан кейін ЖОО-ның кез келген студенті ала алатын академиялық дәреже болып табылады. Мұндай біліктілік студенттің жоғары білімі бар және таңдалған мамандыққа жақсы бағдарланатынын растайды.

Бакалавр дәрежесін алған соң, Қазақстан Республикасының азаматы жоғары кәсіби білімі болуы қажет белгілі бір лауазымдарды атқаруға құқылы.

11(12) жылдық оқудан кейін бакалаврда оқитын студенттердің оқу кезеңі төрт жылдан аспайды. Колледж немесе техникумда білім алған талапкерлер 3 жылға есептелген қысқартылған бағдарлама бойынша оқи алады. Дипломдық жұмысты орындағаннан кейін студент бакалавр дипломын алады.

мамандықтар
15В010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен  әдістемесі
25В010300 – Педагогика және психология
35В010600 – Музыкалық білім
45В010800 – Дене шынықтыру және спорт
55В010900 – Математика
65В011200 – Химия
75В011300 – Биология
85В011400 – Тарих
95В011600 – География
105В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті
115В011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі
125В012000 – Кәсіптік оқыту
135В012200 – Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
145В012500 – Химия-Биология
155В030100 – Құқықтану
165В042100 – Дизайн
175В050600 – Экономика
185В050800 – Есеп және аудит
195В050900 – Қаржы
205В060200 – Информатика
215В060800 – Экология
225В070300 – Ақпараттық жүйелер
235В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
245В073200 – Стандарттау және сертификаттау /салалар бойынша/

Магистратура

Магистратура жоғары білімнің жоғарғы сатысы болып табылады. Магистратураға қабылдау үшін жоғары білімі болуы керек, басқаша айтқанда, бакалавр, маман немесе мамандық бойынша магистр дипломы болуы керек.

Магистратура мамандықтары бойынша университет екі бағытта дайындайды: ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау оқыту мерзімі- 2 жыл және профилді бағыт бойынша  оқыту мерзімі- 1-1,5 жыл..

Халықаралық Гуманитарлық Техникалық Университеттің магистратурасына жоғары білім беру кәсіби оқу бағдарламаларын игерген азаматтар қабылданады. Магистратураға түсу үшін келесі емтихандарды тапсыру керек:   

 шетел тілінен;

 мамандық бойынша.

Оқыту бағдарламасы теориялық, практикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын дайындауды қамтиды. Теориялық дайындық мамандық пәндері мен іргелі пәндер бойынша білім беру бағдарламаларын меңгеруді көздейді. Ғылыми-зерттеу жұмысы ғылыми зерттеулер жүргізуді, дипломдық жұмысты дайындау мен қорғауды қамтиды.

мамандықтар
16М010200- Бастауышта оқыту педагогикасы мен  әдістемесі
26М011200-Химия
36М011300-Биология
46М011700-Қазақ тілі мен әдебиеті
56М042100-Дизайн
66М050600- Экономика
Пройдите по ссылке: