imankul-nur@mail.ru/ December 4, 2020/ Жаңалыктар/ 12 comments

Салауатты өмір салтын ұстан

1 желтоқсан – жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромымен дүниежүзілік күрес күні екені белгілі. Осы ретте, университеттің білім алушыларына арнап, «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес» орталығының мұғалім маманымен семинар ұйымдасмтырылды.

Шараның ұйымдастырылуына мұрындық болған Университеттің әлеуметтік мәселелер және тәрбие істері  бөлімі. Аты аталған орталықтың мұғалімі Жүргенбаева Назира ханым білім алушыларға вирусты жұқтыру жолдары, инфекцияның өршу кезеңі, қауіптілік факторлары ,алдын алу жолдары сияқты тақырыптарды талқылады.

Назира ханымның айтуынша Шымкент қаласында ресми 2189 жағдай тіркелгенін, Қазақстан республикасы бойынша қаламыз 8 орында тұрғанын ескертті.Жалпы республика бойынша 41465 адамнан анықталған аурудан БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫМЫЗДЫҢ сақ жүруін, жеке гигиенаны сақтауды,жастарымызға салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Share this Post

12 Comments

Leave a Comment

Your email address will not be published.

*
*