Mukagali.2018@mail.ru/ October 2, 2019/ Жаңалыктар/ 0 comments

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен жастар арасында адалдық пен адамгершілік сияқты оңтайлы моральдық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінде «Адалдық дүкенін» – «Integrity Shop» 2019 жылдың 11 қырқүйегінен бастап ашылды.
Негізгі мақсаты- біртіндеп қоғамда сенім атмосферасын құру және студент жастарға өзін жақсы адал адам ретінде анықтауға мүмкіндік беру болып табылады. Дүкенге 9 түрлі кеңсе тауарлары қойылды. Оған жауапты етіп Жастар ісі жөніндегі комитеті және студенттерден құралған « Қамқор» ұйымы тағайындалды.
Өзіне – өзі қызмет көрсету жүйесі бойынша, мұнда сатып алушылар өздеріне қажетті заттарды дүкеннен таңдап алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалы жәшікке қалдырып, кассирдің көмегінсіз есеп айырысады. Яғни дүкенде сатушы жоқ, затты сатып алушылар өз-өздеріне қызмет көрсетуі қажет.
Болашақта кассада жиналған қаражатқа қайтадан жаңа тауар алынып, жыл соңына дейін ақша айналымда болады. Дүкенге қойылатын заттар-кеңсе тауарлары.
Дүкен Дүйсенбі –Жұма аралығында сағат 09:00-13:00 дейін ашық тұрады

Share this Post

Leave a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*