Mukagali.2018@mail.ru/ March 10, 2020/ Жаңалыктар/ 0 comments

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінде қызмет атқарып жатқан ер азаматтары, Тәрбие бөлімі мен жастар ұйымының ұйымдастыруымен,  8 – наурыз Халықаралық әйелдер мейрамы қарсаңында, «АРУЛАР – АСЫЛ ЖАНДАР» атты керемет кеш ұйымдастырды. Кеште  университет ректоры А.С.Ажидинов мырзадан бөлек, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері, Өнер жұлдыздары сонымен бірге түрік және өзбек ұлттарының өкілдері де өз жылы лебіздерін (экран алдында,видео жолдау арқылы) білдірді. Концертік бағдарламаға арнайы шақыртылған  Шымкент – циркінің әртістері мен  Республикаға танымал жас әншілер де де өнер көрсетті. Мерекелік,салтанатты шарада университет басшысы, университеттің дамуына сүбелі үлесін қосып жүрген нәзік жанды профессор – оқытушылар мен мамандарға  арнайы Алғыс хаттар табыстап (университетте қызмет атқаратын барлық  әйел қызметкерлерге) қаржылай сыйақы берді. Алғаш рет, осы салтанатты кеште, университеттің Жайдарман командасы мен студенттерден құралған оркестрдің  тұсауы кесіліп, көпшілікке өз өнерлерін паш етті.

Share this Post

Leave a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*