Mukagali.2018@mail.ru/ February 24, 2020/ Жаңалыктар/ 0 comments

Бүгін, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті «Бизнес» кафедрасының ұйымдастыруымен «Kassa nova» банкінің Шымкент қалалық филиалының  білікті мамандарымен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелді ұйымдастырудағы басты мақсат – университетте оқитын студенттердің қаржылық сауаттылығын ашу.Қаржыны жұмсау, депозит ашу, бизнес start – ap жобаларды дайындау,бизнеске кредит алу сынды мәселелерді қозғап, ақпараттық – танымдық презинтация өткізу.

 Іс – шара барысында «Kassa nova» банкінің директор орынбасары Джамбулов Данияр мырза университет басшысы мен банк арасындағы екі жақты келісім нәтижесінде университеттің  бітіруші түлектерін аталмыш банкте тәжірибеден өткізіп, жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері қолға алынғанын мәлімдеді. Ұйымдастырылған шарада студенттер мен профессор-оқытушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауап алуға мүмкіндік алды.

Университет баспасөз қызметі

Share this Post

Leave a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*