Mukagali.2018@mail.ru/ December 5, 2019/ Жаңалыктар/ 0 comments

«Техника және ақпараттандыру» кафедрасының 29.11.2019 күні өткізілген «Бағдарламалау» атты студенттік олимпиада есебі

         2019 жылдың 29 қараша күні «Техника және ақпараттандыру» кафедрасының ұйымдастыруымен «Бағдарламалау» атты студенттік олимпиада өтті.

Мақсаттары:

Білімділігі: Теориялық білім мен тәжірибелік шеберлігін ұштастыру. Студенттердің ғылымға деген қызығушылығын дамыту, пәндік білімдерін тереңдету, дарынды балаларды анықтау, дамыту, қолдау.

Дамытушылығы: Қатысушылардың логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып,  шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту.

Тәрбиелілігі: Қатысушыларды дәлдікке, нақтылыққа, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, еңбекті сүюге тәрбиелеу. Алға қойған мақсатқа жетуге шыңдау.

Олимпиаданың әділқазылар алқасы толығымен қатысты.  Олар:

         1) Әділ қазылар алқасының төрағасы ХГТУ, «Техника және ақпараттандыру» кафедрасының т.ғ.к., аға оқытушысы Дуйсенов Н.Ж..

         2) Әділ қазылар алқасының мүшесі  ХГТУ, «Техника және ақпараттандыру» кафедрасының магистр, аға оқытушысы Толеманова А.О..

         3) Әділ қазылар алқасының мүшесі  ХГТУ, «Техника және ақпараттандыру» кафедрасының  магистр, оқытушысы  Жақсылықов Е.К..

Кафедра меңгерушісі Дүйсенов Н.Ж. өзінің алғы сөзін сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, олимпиаданы бастап берді.

Олимпиадаға қатысушылар саны: 18

Олимпиада қорытындысы бойынша марапатталғандар:

1-орын: ЕТ-17 тобының студенті Сәмбет Айзада

2-орын: ЕТ-26 тобының студенті Ермекбай Хасар

3-орын: ИФ-16 тобының студенті Молдаш Айбол

         Олимпиада жақсы деңгейде өтті. Алдағы уақыттарда бағдарламалау бойынша кең көлемде жарыстар ұйымдастыру мақсат етіп қойылды.

Share this Post

Leave a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*