Mukagali.2018@mail.ru/ December 5, 2019/ Жаңалыктар/ 0 comments

«Техника және ақпараттандыру» кафедрасының 29.11.2019 күні өткізілген  «Болашақ математиктер» атты студенттік олимпиада есебі

         2019 жылдың 29 қараша күні «Техника және ақпараттандыру» кафедрасының ұйымдастыруымен «Болашақ математиктер» атты студенттік олимпиада өтті.

Мақсаттары:

Білімділігі: Теориялық білім мен тәжірибелік шеберлігін ұштастыру. Студенттердің ғылымға деген қызығушылығын дамыту, пәндік білімдерін тереңдету, дарынды балаларды анықтау, дамыту, қолдау.

Дамытушылығы: Студенттердің математикалық сөйлеу, ойлау қабілетінің дамуына, ақпараттық мәдениеттің сауатты қалыптасуына ықпал ету. Тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, ойы орамды, тілі бай, мәдени өрісі кең, адамгершілігі мол азамат қалыптастыру.

Тәрбиелілігі: Студенттердің дәлдікке, нақтылыққа, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, еңбекті сүюге тәрбиелеу. Алға қойған мақсатқа жетуге шыңдау.

Олимпиаданың әділқазылар алқасы толығымен қатысты.  Олар:

         1) Әділқазылар алқасының төрағасы ХГТУ, «Техника және ақпараттандыру» кафедрасының аға оқытушысы, физика-математика ғылымдарының кандидаты Жапбаров Сағат Амангелдиевич

         2) Әділқазылар алқасының мүшесі  ХГТУ, «Техника және ақпараттандыру» кафедрасының аға оқытушысы Абдрахманов Жұмабай Нурмаханович, педагогика  ғылымдарының кандидаты.

         3) Әділқазылар алқасының мүшесі  ХГТУ, «Техника және ақпараттандыру» кафедрасының аға оқытушысы Егізбаева Жаңагүл Аширбековна.

Кафедра меңгерушісі Дүйсенов Н.Ж. өзінің алғы сөзін сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, олимпиаданы бастап берді.

Олимпиадаға қатысушылар саны: 15

Олимпиада қорытындысы бойынша марапатталғандар:

1-орын: МТ-17 тобының студенті Нұрғали Мейірімгүл

2-орын: МТ-16 тобының студенті Мұрат Таңшолпан

3-орын: МТ-18 тобының студенті Салыбай Бауыржан

         Олимпиада жақсы деңгейде өтті. Алдағы уақыттарда математика бойынша кең көлемде жарыстар ұйымдастыру мақсат етіп қойылды.

Share this Post

Leave a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*