Mukagali.2018@mail.ru/ November 6, 2019/ Жаңалыктар/ 0 comments

5 қараша 2019 жылы Халықаралық гуманитарлық – техникалық университетінде «БІРЛЕСКЕН ЖӘНЕ ҚОС ДИПЛОМДЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ: ЖАҒДАЙЫ, МӘСЕЛЕЛЕРІ, БОЛАШАҒЫ» – атты Халықаралық ғылыми-практикалық дөңгелек үстелі өтті.
Жүз жылдық тарихы бар Польша елінің АGH ғылыми-техникалық университеті мен Ресей федерациясының «МИСиС» ұлттық зерттеу технологиялық университетінің, және де бірқатар отандық Академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университеті, SILKWAY Халықаралық университеті, Мирас университетерінің ректорлары мен профессор-оқытушы құрамы басқосқан аталмыш іс-шараның мақсаты өзара ынтымақтастықты дамыту, қос дипломдау, академиялық ұтқырлық саласындағы тәжірибемен бөлісу болып табылады.
Ғылыми конференция шымылдығы Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің ректоры А.С. Ажидинов құттықтау сөзімен ашылды. Университет ректоры барлық қатусышыларға сәттілік тілеп, болашақта ынтымақтастықты нығайтып, жемісті жұмыстар жасауға ниет білдірді. Сондай-ақ, ЖОО өкілдері «Қос дипломды білім беру», «ХГТУ-нің жағдайы мен даму болашағы», «Қазақстандағы бірлескен білім беру: жағадайы мен болашағы» атты тақырыптарда баяндама оқып, пікір алмасулар жүргізді.
Іс-шара соңында, Халықаралық гуманитарлық – техникалық университеті мен АGH ғылыми-техникалық университеті өзара қос-дипломды білім беру бағдарламасы мен академиялық ұтқырлық бойынша келісім шартқа қол қою рәсіміне жалғасты. Келген қонақтарды университетіміздің таланнты студенттері мен қызметткерлері көңілді ән-күй шырқап, қазақтың қымызы мен ұлттық тағамдарынан дәм тартты.

Share this Post

Leave a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*