Mukagali.2018@mail.ru/ February 5, 2020/ Жаңалыктар/ 0 comments

«ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ҚАТЕРІ»тақырыбында өткен кездесу
Ағымдағы жылдың 5 ақпанында Халықаралық гуманитарлық – техникалық университетінің І – курс студенттерінің қатысуымен «Діни экстремизм мен терроризм: Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігінің қатері» тақырыбында дін өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуді ұйымдастырудағы басты мақсат – бірнеше ұлт өкілдері оқитын халықаралық гуманитарлық – техникалық университетіндегі студенттер арасында 2020 жылы дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады. Ақпараттық – танымдық,сұхбат «Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы» мен университеттің «Тәрбие және әлеуметтік даму жұмыстары» жөніндегі проректоры Н.Хайдаровтың ұйымдастыруымен өтті. Түсіндірме жұмыстарын жүргізген – дінтанушы Шахобов Садинкожа мен Байманова Тыныштық. Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті. Бұндай іс-шаралар оқу жылының соңына дейін бірнеше рет ұйымдастыру жоспарлануда.
УНИВЕРСИТЕТ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Share this Post

Leave a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*