Факультет кафедралары:

Техника және ақпараттандыру кафедрасы

Химия, биология және экология кафедрасы

Дене шынықтыру кафедрасы

Өнер кафедрасы

Жаратылыстану – техникалық және спорт факультетінің деканы,

 а-ш.ғ.к., доцент – Абишов Мухтар Сайлаубаевич

Жаратылыстану-техникалық және спорт факультеті ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстар жүргізіп, техник және педагог кадрлар дайындайтын университетіміздегі бірден бір алдыңғы қатардағы факультет болып табылады.

Бүгінгі таңда факультет құрамындағы 4 кафедрада 15 мамандық бойынша мамандар даярланады. Факультетте Отандық ғылымға көрнекі үлес қосқан педагогикалық шеберлігі шыңдалған білімді білікті ұстаздар жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта факультеттегі ҚР ҰҒА-ның 1 академигі, 1 ғылым докторлар мен профессорлар,  37 ғылым кандидаты, 2- PhD докторы,  29- магистр, 15- аға оқытушы, 8- ҚР мәдениет қайраткері, 8 – ҚР еңбек сіңірген спорт қайраткерілері  биік талап үрдісіне шығу жолында қызмет атқарып жүр. Факультет республикадағы және өңірдегі ғылыми–зерттеу орталықтарымен тығыз байланыста жұмыс істеуде.

Жаратылыстану – техникалық және спорт факультеті келесі мамандықтар бойынша мамандар дайындап шығарады:

  • Химия , биология және экология кафедрасы

5В011200–Химия мамандығын бітіруші түлектердің жұмыс орындары: Барлық деңгейдегі  білім мекемелері, iшкi iстер орындары, кеден және салық полициясы, мұнай-химия, тамақ, тоқыма, химия, санитарлы-эпидемиологиялық және фармакология өндірісіндегі зертханалар, жеңіл және тамақ, былғары, ағаш өндеу, шыны, форфор, хрусталь өнеркәсіптері, құрылыс материалдары және керамика өндірістері.

5В011300–Биология- мамандығын бітіруші түлектердің жұмыс орындары: Барлық деңгейдегі білім мекемелері, дендросаябақтары, зообақтары, қорықтар, санитарлы-эпидемиологиялық станциялары, ғылыми – зерттеу институттары, министрліктер мен департаменттер.

5В060800–Экология мамандығын бітіруші түлектердің жұмыс орындары: Барлық деңгейдегі экологиялық мекемелер, қорықтар, жер комитеттері, су ресурстарын реттеу, пайдалану және қорғау мекемелерi, ауа-райын болжау станциялары, су қорғау инспекциялары, ғылыми зерттеу институттары, халық шаруашылығының барлық өнеркәсіптік кәсіпорындары, экономикалық салалар, білім мекемелері, министрліктер мен департаменттер.

Химия-биология– мамандығы бойынша мұғалім даярлау-білім  бакалавры өзінің кәсіби қызметін білім беру саласында атқарады. Білім беру ұйымдары:

  • Жалпы орта білім беретін және бейіндік мектептер;
  • Мамандандырылған мектептер;
  • Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары;
  • Техника және ақпараттандыру кафедрасы

6В06101–Информатика мамандығын бітіруші түлектердің қызметтік обьектілері: IT-технология саласында жоғары білімі бар мамандардың сапасына қойылатын заманауи талаптарға сай келетін, практикалық дағдылар мен көшбасшылық қасиеттері бар, экономика және басқару, техника, білім, ғылым тапсырмаларын шешетін қолданбалы  информатика әдістерін, заманауи математикалық әдістердің негіздерін білетін біліктілігі жоғары маман дайындау.

6В06102-Ақпараттық жүйелер мамандығын бітіруші түлектердің кәсіби қызметінің объектісі: Жұмыс берушілердің сұранысы бойынша жоғары білікті мамандарды дайындауда математикалық, бағдарламалық, лингвистикалық, техникалық және ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелер, әкімшілендіру және тестілеу саласында білім игерген, бәсекеге қабілетті маман тәрбиелеу.

6B06103-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша бітірушілердің кәсіби қызмет объектісі болып келесі объектілер саналады: Жоғары білімі бар мамандардың сапасына қойылатын заманауи талаптарға сай келетін, қазіргі заманғы еңбек нарығындағы  бәсекеге қабілетті инновациялық технологиялық жаңа бағдарламаларды меңгеріп, әлемдік ғылыми IT- технологиялардағы жетістіктерді қолдануға икемді білікті маман даярлау.

6В01501–Математика мамандығын бітіруші түлектердің қызметтік обьектілері: қазіргі нарық заманында бәсекелестікке төтеп беруді қамтамасыз ететін жалпы мәдени, кәсіби және арнайы құзіреттіліктерге сай оқу нәтижелеріне қол жеткізген, ғылыми-әдіснамалық көзқарасы мен тілдік мәдениеті қалыптасқан  және практикалық іс-әрекетке кәсіби тұрғыдан дайын,  білім беру саласындағы зерттеу мәселелерін анықтау және шешу үшін заманауи технологияларды білетін қабілетті маман даярлау.

6В07501-Стандарттау, сертификаттау және метрология  мамандығын бітіруші түлектердің кәсіби қызметінің объектісі: кәсіптік қызметтің нормативтік және нормативтік техникалық құжаттамасын, өлшеу, сынау және бақылау құралдарын метрологиялық қамтамасыз ету, өзара байланысқан стандарттармен құжаттарға сәйкестігін бағалау, процестерді, өнімді сертификаттауға қойылатын құжаттарды талдау техника-технология бакалаврын дайындау.

6B01506-Математика-информатика мамандығын бітірушілердің кәсіби қызмет объектісі болып келесі объектілер саналады: білім беру бағдарламасының мақсаты білім беру концептуалдық принциптері ретінде білім беру мен ғылымды іргелендіру, ізгілендіру, ақпараттандыру және интеграцияландыру мәселелері көрсетілген және оқыту мен тәрбиелеу интеграциясын қамтамасыз ету, білім беру үдерісінде, субъектіде патриоттық сезімді қалыптастыру, салауатты ортада жеке тұлғаның өзін өзі дамытуы, әлемдік еңбек нарығында жас ұрпақтан бәсекеге қабілетті сұранысқа ие мамандарға  білім беру қызметіне сапалы маман даярлау.

6B01507-Физика-информатика мамандығын бітірушілердің кәсіби қызмет объектісі болып келесі объектілер саналады:  қазіргі заманғы педагогика, физиканы және информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі саласындағы кәсіби құзыреттілікке ие, білім беру саласындағы зерттеу мәселелерін анықтау және шешу үшін, замауи ақпараттық технологияларды білетін, теориялық және практикалық білімдерді меңгерген бакалаврды дайындау.

  • Дене шынықтыру кафедрасы

       5В010800 (5В01402) – Дене шынықтыру және спорт – мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесі беріледі. Жалпы білім  және арнайы білім беру мекемелерінде,  спорт ұйымдарында қызмет ете алады:

  1. Дене шынықтыру және спорт пәнінің мұғалімі;
  2. Спорттық команда, сауықтыру клубтарында, мектептерде, секцияларда, демалыс орталықтарында жаттықтырушы;

3.Туристік фирмада нұсқаушы;

  1. Фитнес бойынша менеджер;
  2. Сауықтыру жұмыстарының маманы;
  3. Дене шынықтыру және спорттық жұмысты ұйымдастыру әдіскері.

 Мемлекеттік үлгідегі диплом алған «Дене шынықтыру және спорт» бакалавры  өз білімін 1 жылдық-кәсіби немесе 2-жылдық–ғылыми педогогикалық магистратурада білімін жалғастыра алады.

  • Өнер кафедрасы

5В042100 (6В02102)-Дизайн- мамандығын бітірген түлектерге  –  білім беру бағдарламасы бойынша  Өнер бакалавры  беріледі.

 Кәсіби қызметінің обьектілері

  1. Өндірістік-технологиялық қызмет;
  2. Ұйымдастыру-басқару қызметі;
  3. Жобалау-конструкторлық қызмет.

 Кәсіби қызметінің саласы  Өнер,мәдениет:

-өнеркәсіптік өнімнің көркем-конструкторлық (дизайнерлік) жобаларын, пәндік-кеңістіктік кешендерді әзірлеу;

– материалда көркем-конструкторлық (дизайнерлік) жобаларды техникалық орындау;

– өндірісте бұйымдардың авторлық үлгіге сәйкестігін бақылау;

– орындаушылар ұжымының жұмысын ұйымдастыру; бір немесе бірнеше кәсіптер бойынша жұмыстарды орындау.

5В010600 (6В01401) – Музыкалық білім беру мамандығы бакалаврдың кәсіби қызметінің нысаны  болып табылады:

– жалпы білім беру мекемелері (мектептер, лицейлер, гимназиялар және т. б.);

– педагогикалық колледждер, балалар музыка мектептері, өнер мектептері;

– барлық үлгідегі жалпы білім беретін мекемелердің студиялары мен музыкалық үйірмелері;

– мектепке дейінгі мекемелер (алынған мамандықтарға сәйкес).

5В012000 – Кәсіптік оқыту– мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіптік қызмет нысандары:

  • жалпы білім беретін мектептер, лицей, гимназиялар;
  • оқу-өндірістік комбинаты, кәсіптік лицейлер, тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз ететін және жұмысшылар мен мамандардың біліктілігін көтеру және қайта даярлау орталықтары;
  • орта арнайы оқу орындары, колледждер;
  • кадрларды қайта даярлау және кәсіптік бағдар берудің тұрғылықты және аймақ аралық орталықтары болып табылады.

Факультет студенттері 1-курстан бастап ғылыми, мәдени және спорт бағыттарындағы барлық іс-шаралармен белсене айналысады. Көптеген халықаралық деңгейдегі  іс-шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған студенттер бар.

Атап өтетін болсақ «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының студенті Дәрібек Бекарыс және «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығының студенті  Мейірбек Назгуль Астана қаласындағы                 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде  өткен студенттер мен жас ғалымдардың «Ғылым және білім» атты Халықаралық ғылыми конференциясына қатысып, Дәрібек Бекарыс жүлделі орынға ие болды.

«Стандарттау және сертификаттау» мамандығының студенті Базарбай Арайлым Шымкент қаласындағы ОҚМПИ өтілген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Ұлы дала әндері» атты жас орындаушылар байқауына қатысып, «Байқау дипломаты» дипломымен марапатталды.

Осындай білімді, белсенді студенттерді және оқу озаттарын, университеттің  қоғамдық жұмыстарына, студенттердің ғылыми конференцияларына белсене қатысатын студенттерді факультет   президент  стипендиясына үнемі ұсынамыз.

Осы оқу жылы Қазақстан Республикасы президенті белгілеген стипендиясына Жаратылыстану-техникалық факультетінің күндізгі оқу түрі бойынша үміткерлер бар.

Факультет жаңалықтары

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында шығарылған кітаптарды факультет профессор-оқытушы құрамымен талқылау барысында

«Бірлескен және қос дипломды білім беру бағдарламалары: жағдайы, мәселелері, болашағы» атты дөңгелек  үстел қонақтары Польша, Ресей делегациясы қатысушыларымен жалпы сурет

Адам анатомиясы сабағында студенттер зертханалық жұмыспен айналысуда

Студенттер «Физика» пәнінен сабақ үстінде

Cтуденттер химия сабағында

Білімді тәжірибемен бекіту       

1-курсты студент қатарына қабылдануымен университет ректоры         А.С. Ажидиновтың құттықтау сәті.

«5В010800-Дене шынықтыру және спорт» – мамандығының  мақтан тұтар жеңімпаз студенттері

“Работотехника негіздері” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 21.11.2019ж.

Қатысқандар: Техника және ақпараттандыру кефедрасының ұжымы және студенттері, Кошкинбаева Мадина  Жолдықараевна, Мирас Университетінің аға оқытушы, т.ғ.к., Кошкинбаев Сәулетбек Жолдықараевич, Мирас Университетінің магистр оқытушысы IT-докторанты, Сайдирасулов Саидхон Саидагзамович Мирас Университетінің магистр, аға оқытушысы.

2017-2018 оқу жылының 5В011200-Химия мамандығының түлегі Нұртаза А. «Үздік диплом» иегері.

Share this Page