Жалпы мәлімет

Жастар  комитеті университеттің мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру саласындағы құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Жастар   комитеті оған жүктелген басқару саласының жағдайы мен университеттің жастар құрылымы қызметтерінің тиімділігі үшін ректорат алдында жауап береді.

         Жастар саясатын жүзеге асыру және оны толығымен іске асыру үшін шараларды әзірлеп, институтта, топтарда оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру мен жетілдіруге қатысып, студенттік ұжымдарда шығармашылық ортаны, бір-біріне көмекке келу атмосферасын қалыптастыру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар жастар санасына отаншылдықты, рухани-адамгершілікті сіңіре отырып белгілі бір бағыттар бойынша байқауларды, конкурстарды ұйымдастырады. Студент жастар арасындағы құқық бұзушылық, жемқорлық іс-әрекеттер мен діни экстремизмге қарсы алдын алу іс-шараларын, қоғамдық-саяси, адамгершілік, этно-мәдени және салауатты өмір салтын насихаттайтын кездесулер мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырады. Қазақ және орыс филологиясы, шетел тілдер кафедраларымен бірлесіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеретін іс-шараларды өткізу Жастар ісі жөніндегі комитеттің негізгі міндеті мен атқаратын қызметі болып табылады.

         Студенттер мен оқытушылар құрамы арасында азаматтық-құқықтық және құқықтық тәрбие бойынша іс-шаралар өткізуге, адамгершілік және рухани тәрбиелеуге, ел бірлігін нығайту жөніндегі шараларды өткізуге, студенттер мен оқытушылар құрамы арасында өзіндік таным мен өзіндік дамудың қажеттілігін, тұлғаның,  әлеуметтік маңызды және жеке қасиеттерін, коммуникативті мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар, студенттер мен оқытушылар құрамы арасында экологиялық, дене тәрбиесі бойынша денсаулық сақтау ортасын, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жас мамандардың оқу уақытындағы өтілін және жұмысқа орналасуын, еңбек және экономикалық тәрбиесін ұйымдастыруда негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Жастар комитетінің мақсаты:
  • ҚР мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру, студент жастардың әлеуметтік қорғалуы мен құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету;

  • университет жастарының санасына отаншылдықты, рухани-адамгершілікті сініру;

  • өзін-өзі басқару және қызығушылықтары бойынша құрылған клубтардың, университеттің қоғамдық ұйымдарының жұмысын үйлестіру;

  • студент жастар арасындағы құқық бұзушылық, жемқорлық іс-әрекеттер мен діни экстремизмге қарсы алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру;

  • қоғамдық-саяси, адамгершілік, этно-мәдени және салауатты өмір салтын насихаттайтын іс-шараларды ұйымдастыру;

  • студенттер арасында темекі тартатын студенттер санын азайту, нашақорлықпен күрес мақсатында сауықтыру-тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу;

  • тілдер кафедрасымен бірлесіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеретін іс-шараларды ұйымдастыру;

  • мәдени және шығармашылық дүниетаным элементтерін, аға буынға деген ілтипатты, адамгершілік-психологиялық қарым-қатынасты насихаттауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру.

Жастар комитетінің негізгі міндеттері:
  • Жастар саясатын уақытында жүзеге асыру бойынша шаралар әзірлеу;

  • Университетте, кафедрада, оқу топтарда оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға және жетілдіруге қатысу;

  • Азаматтық ұстаным қалыптастыру, саяси институттармен өзара әрекет етуді қамтамасыз ету, жастардың әлеуметтік белсенділігін дамыту;

  • Интеллектуалды және шығармашылық потенциалдыәлеуметті дамыту, оқу, ғылыми және көркем қызметте студенттік жастардың өзін-өзі жетілдіруіне көмектесу;

  • Жастар саясатын жүзеге асыру мәселелері, жастар мәселелерін уақтылы шешу бойынша институттыңң қоғамдық ұйымдарының қызметін үйлестіру;

  • Университеттің жастар мәселелерінің тәжірибелі және өзекті шешілуіне қатысты мәселелер жөніндегі жастар ұйымдарымен, жоғарғы инстанциялармен өзара әрекет ету.

Жастар комитетінің құрылымы
  • Студенттік өзін-өзі басқару кеңесі

  • «Риторика» дебат клубы

  • «Шаңырақ» өнерлі жастар ұйымы

  • «Жас Отан» Жастар қанаты

  • «Қамқор» еріктілер ұйымы

  •  «Адалдық алаңы»

Жастар комитеті басшысы

Нұрманова Меруерт Баққожақызы

Гуманитарлық ғылымдар магистрі

Мәдени іс шараларды ұйымдастыру маманы

Датқабай Назерке Манасқызы

Share this Page