Mukagali.2018@mail.ru/ December 5, 2019/ Жаңалыктар/ 0 comments

Бүгін 2019 жылдың 5 желтоқсан күні Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінде «Ғылым мен білімнің даму болашағы : жастардың заманауи көзқарасы» атты ІV – томдық халықаралық және отандық жас зерттеушілердің жинақ- кітабының жабылу салтанаты өтті.
Мереке Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың жарғысымен 2019 жылдың – Жастар жылы деп жариялауына орай ұйымдастырылып отыр. «Мың малың болғанша, бір балаң ғалым болсын» демекші , бүгінгі іс-шара барысында ІV – томдық жинақ- кітабына енген жас ғалымдардың ғылыми жұмыстары 8 секцияларға бөлініп, «Математика және IT технологиясы», «Педагогика және Психология», «Тарих және Құқықтану», «Жаратылыстану Ғылымдары», «Филология», «Филология», «Өнер және Дизайн», «Дене шынықтыру және спорт», «Экономика және бизнес» ары қарай тыңдалды. Студенттер өздерінің жасаған жұмыстарын баяндап, нәтижелерімен бөлісті.
Әр секцияға мамандық бойынша орналастырылған студенттер, оқытушылар және кафедра меңгерушілері қатысты. Сондай-ақ, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің ректоры Ажидинов А.С., Ғылым және халықаралық байланыс жұмыстары жөніндегі проректоры Сабырова М.Е. секцияларды аралап, барлық баяндаушы жас зерттеушілерге алғыстарын білдірді.
Мереке соңында, қатысушылар жас зерттеушілерге қызықтырған сұрақтар қойып, өз тарапынан ұсыныстарын білдірді. Барлық қатысушы жас ғалымдар мен олардың ғылыми жетекшілеріне алғыс хаттармен дипломдар табысталды.

Share this Post

Leave a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*