Mukagali.2018@mail.ru/ October 11, 2019/ Жаңалыктар/ 0 comments

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында Түркістан облыстық «Жаңғыру жолы» РЖҚ өңірлік штабының және оқу орындардағы «Достық» клубтарының мүшелерімен кездесу өтті. Шараға клуб мүшелері мен студенттер және этнос жастары қатысты. «Жаңғыру жолы» РЖҚ өңірлік штабының жаңа құрамын бекітуді мақсат еткен кездесудің алғашқы сөзін Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас инспекторы – Камеденова Мадина Қалесқызы алып, бүгінгі басқосудың ерекшелігін атап өтті.
Дөңгелек үстелге облысымыздағы іргелі Жоғары оқу орындары Халықралаық гуманитарлық-техникалық университеті, Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті, Silkway Халықаралық университеті, Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университттерінің белсенді жастары қатысты.
Жалпы, «Жаңғыру жолы» РЖҚ өңірлік штабы 2018 жылдың 15 наурыз айында Тұңғыш Президент шешімімен құрылып, содан бері қарқынды түрде жұмыс жасап келеді. Негізгі мақсаттары – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдай отырып, этнос жастарының бастамалары мен көшбасшыларына бағыт беру. Осы орайда қолға алынған бүгінгі кездесуде Түркістан облыстық «Жаңғыру жолы» ЖҚ өңірлік штабының төрағасы – Асылхан Рахматулаұлы баяндама жасап, жастар саясатының маңыздылығына тоқталды. Түркістан облыстық «Жаңғыру жолы» ЖҚ өңірлік штабының мүшесі – Шахзод Хамаридинов, Түркістан облыстық «Жаңғыру жолы» ЖҚ өңірлік штаб төрағасының орынбасары – Ерназар Баетов қатысып, “Жаңғыру жолы” ЖҚ өңірлік штабының мүшелерімен тақырыпқа сәйкес әңгіме өрбітті. Сайлау нәтижесі бойынша штаб төрағасы-Асылхан Рахматулаұлы.
Бірінші орынбасары-Баетов Ерназар(ХҚТУ)
Екінші орынбасары-Таужығар Серікбол(ХГТУ)
Кездесуге келген қатысушылаР естелікке суретке түсіп тарасты.

Share this Post

Leave a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*