Mukagali.2018@mail.ru/ October 25, 2019/ Жаңалыктар/ 0 comments

«Жетім» сөзі қазақ халқына жат болғанымен де қазіргі уақытта белең алып тұрған,кәзірше шешімін таппай тұрған қоғамдағы мәселелердің бірі. Ата-ананың махаббатынан тыс қалған балаларға  мейірімнің жетпейтіндігі мәлім. Жастайынан тағдыр тәлкегіне ұшыраған балалардың бұндай күйге түсуіне кімді кіналаймыз? Қоғам ба? Адам ба? Әлде заман өзгерді ме? Бұл балдәурен балаларға кімнің жаны ашиды? Кім көмектеседі? Кім маңдайынан сипайды? Осыншама сан сұрақтар туындағанымен оларға жауап табу қиын. Қазақта «Жетімнің көз жасы удан да ащы» деген сөздің мән-мағынасына қарамастан, бұл мәселенің күрделеніп, белең алып жатқандығы белгілі. Сол себепті жастардың бойында қайырымдылық сезімін ұялатып, өскелең ұрпақты рухани жағынан тәрбиелеп, тағдыр тәлкегіне ұшырап, ата-ананың қарауынсыз қалған бабаларға қоғамның назарын аудару қажет. Осы мақсатта «Қазақстан тарихы және құқықтану» кафедрасы мен университет студенттері ұйымдасып, Шымкент қаласының әкімдігінің  №6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барған болатынбыз.

Әрине санамызда «Олар да өзіміз сияқты адам ғой» деген оймен барғанымызбен, мүлдем ойымыздағыдан басқа дүниелерді көрдік. Ата-анасы бола тұра «тірі жетім» қалған балаларды көргенде заман қайда барады деген ойда қаласың. Бауыр еті баласынан ауру болып туылғаны үшін бас тартқан ата-аналар соншалықты тасбауыр болып кеткен бе? Дүние есігін ашқан сәттен бастап, денсаулығы сыр берген балалар осы үшін ата-анасының тастап кеткенін білгенде кішкентай ғана нәзік жүрегі қандай сезімде болды екен? Балалар арасында  жүріп-тұруы қиындаған балалар,альбиностар,тұл жетімдер көп. Осы балаларға студенттер мен мұғалімдер тарапынан ұйымдасып азын-аулақ базарлық алып барған болатынбыз.Аз да болса,студенттердің мейірімін оятып, саналы ой сала алдық деген ойдамыз.Осы іс-шараға атсалысып, белсенділік танытқаны үшін Тарих,География,Құқықтану,Дене шынықтыру,Кәсіптік оқыту мамандығының студенттеріне ерекше алғыс айтамыз.

Share this Post

Leave a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*