ЖООКББ бөлімінің басшысы: Балабекова Дина Буркитбаевна

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті екі сатылы «бакалавриат-магистратура» мамандар даярлаудың заманауи жүйесіне толығымен көшкен халықаралық жоғары оқу орындарының  бірі болып табылады.

Магистратурада білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды даярлау ғылыми-педагогикалық-оқу мерзімі 2 жыл және бейіндік бағыт бойынша-оқу мерзімі 1,5;1 жыл жүзеге асырылады.

Магистратураның ғылыми-педагогикалық бағыты жоғарғы оқу орындары үшін және ғылыми – зерттеу секторлары үшін терең ғылыми – педагогикалық дайындығы бар кадрлар дайындайтын жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.

Магистратураның бейіндік бағыттағы түрі өндіріс орындары мен сәйкес мамандық сфераларына тереңдетілген білімі бар кадрларды дайындайды. Магистрант диплом алу үшін теориялық білім алумен қатар, іс тәжірибеден өтіп, магистрлік диписсертациялық жұмыс қорғайды.

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетіің магистранттары университеттің кең көлемдегі халықаралық байланыстарының аясында шелдердің жоғары оқу орындары мен зерттеу орталықтарында білім алуға және тәжірибеден өту үшін шетелге шығуға мүмкіндіктері бар.

Қазіргі таңда университет 7 мамандық бойынша магистраттар қабылдайды, кадрлар дайындайды:

  • 7М01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі;
  • 7М01501-Химия;
  • 7М01502-Биология;
  • 7М01701-Қазақ тілі мен әдебиеті;
  • 7М01702-Шет тілі:екі шет тілі;
  • 7М02102-Дизайн;
  • 7М04101-Экономика .

Қабылдау ережесі:

МАГИСТРАТУРАҒА  ТҮСУ ШАРТТАРЫ

ЖОО магистратурасына түсушілердің өтінішін қабылдау 3 – 31 шілде аралығында жүргізіледі.

Магистратураға түсу емтихандары – 10 тамыздан 20 тамызға дейін, қабылдау 28 тамызға дейін жүргізіледі.

  1. Магистратураға түсуші адамдар – ЖОО-ға мынадай құжаттарды тапсырады:
  • шет тілі бойынша түсу емтиханын және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға кешенді тестілеуді тапсыратын қала белгіленетін ұйым басшысының атына өтініш;
  • жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;
  • тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);
  • кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін)
  • 3х4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет;
  • 086-У нысанындағы медициналық анықтама(флюорография міндетті);
  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса).

2.Шет тілі бойынша магистратураға түсу емтиханын және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі – ҰТО) жүргізеді.

3.Мамандық бойынша түсу емтихандары университеттің өзінде қабылданады.

Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Байтұрсынов к. №80 үй, №211 кабинет

E-mail: ageka1947@mail.ru

ЖООКББ бөлімінің әдіскері:

Ажидинова Анара Бахытжановна

Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Байтұрсынов к. №80 үй, №211 кабинет

Share this Page