Mukagali.2018@mail.ru/ February 20, 2020/ Жаңалыктар/ 0 comments

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай ұйымдастырылған «Жыр  жүйрігі –  Мұқағали» атты поэзиялық ән кеші өтті

 

Қазақ әдебиетінің мұзбалақ ақыны Мұқағалидың өмірімен, шығармашылығымен, ән-жырымен жастардың рухани, мәдени, адамгершілік қасиеттерін дамыту, поэзия құдіретімен таныстыру, елжандылыққа баулу,  Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруды мақсат еткен әдеби – сазды кеш,ағымдағы жылдың 18 ақпанында Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеттің концерт залында болып өтті.

Іс – шараға университеттің профессор-оқытушылары мен студенттері қатысып Мұқағалидің сөзіне жазылған әндерін, өлеңдерін тыңдап, өмірі мен шығармашылығымен танысты. Әдеби кештің соңында сөз алған оқу орынының ректоры, т.ғ.к.,профессор Акмалдин Сапардинұлы: «Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың қазақ әдебиеті әлемінен алар орны ерекше тұлға. Биыл Мұқағали ақынның 89 жылдығы тойланып отыр. Мұқағалиды ел-жұрт шын құрметтейді, шын қадірлейді. Осындай жастарға берері мол іс шараны қолға алғандары үшін университет жанынан құрылған «Шаңырақ» өнерлі жастар ұйымының мүшелеріне алғыс білдіремін. Қанаттарың талмай, өнерге деген құлшыныстарың арта берсін»,- деді өз сөзінде.

 

 Іс-шара студенттердің ақынға арнауымен басталып, поэзиялық өлеңдерін мәнерлеп оқумен жалғасын тапты.Поэзиялық әдеби-сазды кештің соңы Мұқағалидың сөзіне жазылған әндер айтылып,көңілді нотада аяқталды. «Аққулар ұйықтағанда» атты дастанына құрылған сахналық қойылым қойылып, университеттің талантты  жастары өз өнерлерін көрсетті.

Университет баспасөз қызметі

Share this Post

Leave a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*