26-шы қыркүйек 2019 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Хансейіт Ардақ Кеңесәліқызымен университеттің конференция залында кездесу өтті. Іс-шараға Халықаралық гуманитарлық -техникалық университетінің 50-ден астам профессорлар-оқытушылар құрамы мен магистр студенттері қатысты.



Кездесу барысында, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлау алды бағдарламасында Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру және қазіргі таңда іріктеуге дарынды, креативті жас азаматтарды барынша қамту үшін ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстар жүргізілді.