Mukagali.2018@mail.ru/ March 11, 2020/ Жаңалыктар/ 0 comments

Халықаралық гуманитарлық техникалық университетінде халықаралық қатынастар бойынша 13.01.2020-14.01.2020 күндері біліктілік алмасу мақсатында халықаралық ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өткізілді.

Техникалық мамандықтардың студенттері Польша Республикасы, Новы Сонч  қаласындағы  Wizsza Szkola Biznesu-National-Louis University-ден келген инженерия докторы, PhD Руслана Селезневаның «Инженерлік есептерді шешуге арналған қолданбалы бағдарламалық жүйелер» тақырыбында жасаған лекциясын тыңдады. Лекция орыс және ағылшын тілдерінде баяндалып, студенттердің қызығушылықтарын арттырды.   

Р.Селезнева өз баяндамасында Польша университеттерінің жоғары білім беру ерекшеліктері мен артықшылықтарын, білім берудегі жаңа технологияларды және де халықаралық қатынастарды арттыру мақсатындағы студентке бағдарланған білім беру мәселелерін, инженерлік есептердің түрлері мен оларды шешуге арналған қолданбалы бағдарламалау жүйелері мен қамтамаларының ерекшеліктерін айтып өтті.

Нәтижесінде University of Computer Science and Skills поляк университеті мен Халықаралық гуманитарлық техникалық университетінің басшылары меморандумға қол қойып, қосдипломдық білім беру бағдарламасы бойынша келісім шартқа қол қойылды.  

Share this Post

Leave a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*