Тарихы

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті өзінің бастапқы кезде 08.04.1998 жылы Оңтүстік Қазақстан университеті жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып тіркелген (куәлігі 8046-1958-ЖШС). 2003 жылы құрылтайшылардың бірі ретінде  РФ БМ және ҚР БжҒМ арасында Мәскеу мемлекеттік ашық университеті (МГОУ, Ресей, Мәскеу), қатысуымен  бірлескен кәсіпорын құру туралы  келісім-шарт жасалды.  Соның нәтижесінде 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті  Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті болып ауыстырылды (ХГТУ, Казахстан, Шымкент қ.), ол 2003 жылы  ҚР БжҒМ-де лицензияланған және аттестатталған (№000364, бұйрық № 315). Университет 2018ж. 21 мамыр – 2020ж. 21 мамыр мерзіміне дейін институционалдық аккредиттеуден өтті. 2018 жылы Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетіне Аймақтық инновациялық институтының Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетінен бөлініп шығып, қосылуына байланысты, университет Оңтүстік өңірдегі ірі университеттердің бірі болып отыр. Кадр бөлімі бақылаушы бөлім. Қызметкерлердің еңбек тәртібін, жұмысқа келіп-кету кестесі бойынша қадағалау жұмысын  жүргізеді, кафедралардың  құжаттарын тексереді. Кадр бөлімі жоғары мектептің заңнамасы мен нормативтік ережелерін басшылыққа алады. Барлық жүктелген функциялар мен міндеттердің уақтылы және сапалы орындалуына кадр бөлімінің бастығы жауап береді және бөлім университет басшысы ректорға бағынады.Кадр бөлімінің басшысы- Садикова Дина Нарзуллаевна.

Бөлім туралы

Кадр бөлімі- мекемеде қызмет атқаратын әрбір маманның жеке іс-қағаздарын реттеп, жүргізіп отыратын бөлім болып табылады. Жұмысқа тұрушының жеке іс-қағаздарын қабылдап, олардың дұрыс толтырылуына басшылық жасайды. Кадр бөлімінде мекеменің құрылымдық бөлімі, қызметтің атауы және әрбір қызметтік орынның штаттық саны көрсетіледі. Қызметкердің жұмыс атқарған уақытында жұмысқа уақтылы келуі, кетуі жайлы мәліметтерді жинақтайды.  Жұмыстан босайтын қызметкерді босату туралы бұйрықты дайындайды. Ректордың бұйрықтары мен өкімдерін шығарып отырады. Кадр бөлімі бірінші басшыға бағынады, ректорға есеп береді. Білім-экономиканың дамуының негізгі жолы, ғылым мен технологиялық процестің қайнар көзі, жұмыссыздықпен күресудің жолы, әлеуметтік теңдіктің негізі.

Бөлім басшысы:

Міндеттері:

Кадр бөлімінің негізгі міндеттері:

1.Белгілі бір қызметтік орынға жетіспейтін мамандарды біліктіліктері бойынша мамандарды сұрыптап штатты толықтыру;

2.Кадрларды орналастыру және іріктеу;

3.Кадрлық есеп жүргізу;

4.Кадрлық резерв жасау.

Кадр бөлімі өзіне жүктелген міндеттері мен функцияларын орындау үшін төмендегі құқықтарға ие:

1.Бөлім басшыларына бөлімге қатысты міндеттердің орындалуына сілтеме беруге;

2.Қызметкерлер мен бөлімдерге өздеріне жүктелген қызметтік нұсқаулықтарға түсініктеме беруге;

3.Бөлімдерде істейтін қызметкерлердің мәліметтерін бөлімдерден сұрауға;

4.Барлық қызметкерлерден кадрлық есепті жүргізу үшін қажетті құжаттарын талап етуге;

5.Жұмысшылардан өздерінің қызметтік талаптарын орындау барысында пайда болған келеңсіздіктерді жоюды талап етуге

Функциялары:

Кадр бөлімі келесі жүйелерді орындайды:

1.Кадрлық саясатты жетілдіру;

2.мамандардың сандық-сапалық көрсеткіші көрсетілген мәлімет;

3.мамандардың ағымдағы анализі;

4.жұмысқа қабылдау рәсімін жасау;

5.нақтыланған Ережеге сәйкес, бөлім басшыларымен қоса, жұмысшыларды конкурс арқылы таңдау;

6.Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексіне сәйкес жұмысқа қабылдау, қызметін ауыстыру, жұмыстан босату туралы бұйрықтарды рәсімдеу;

7.жұмысшылармен еңбек шартын жасасу;

8.жұмысшылардың еңбек кітапшаларын толтыру, оларды тиісті жерде сақтау;

9.бекітілген кестеге сәйкес жыл сайынғы еңбек демалысына шығару;

10.жұмысшылардың іс-сапарға жіберілуін рәсімдеу және іс-сапар куәлігін тапсыру;

11.жұмысшыларды жетістіктері үшін мадақтауға тиісті материалдарды дайындау;

12.жұмысшыларды тәртіптік жауапкершілік пен материалдық жауапкершілікке итермелейтін шартқа отырғызу;

13.кадрлық сұрақтар бойынша есеп жүргізу;

14.еңбек тәртібін нығайтатын шара жасау, жұмыста қызметкерлердің көп  босап кетпеуін қадағалау;

15.қызметкерлердің аттестациядан өтуін ұйымдастыру, бөлімдерде еңбек тәртібінің жағдайын бақылау және қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібінің ережесін сақтауын бақылау;

16.Қазақстан Республикасы  Еңбек Кодексінің  орындалуын қадағалау;

17.қызметкерлердің еңбек жолын растайтын құжаттарды даярлау және тапсыру;

18.қызметкерлерді және студенттерді әскери есепке уақтылы алу, студенттерге анықтама беру;

Нормативтік құжаттар:
Share this Page