Mukagali.2018@mail.ru/ March 16, 2020/ Жаңалыктар/ 0 comments

Коронавирус инфекциясына байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ел Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес университет студенттерінің  білім алуды  қашықтықтан оқыту жүйесіне көшу алдында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда дүние жүзін  дүр сілкіндірген  аса қауіпті жұқпалы аурудын алдын мақсатында,  жастар арасында түсіндірме-ақпараттық шаралары өтті.  Жүргізіліп жатқан танымдық  шараның мақсатын оқу  орнының дәрігері  Маханова Сауле Жақсылық қызы  атап өтті. Медициналық пункт меңгерушісі Сәуле Жақсылыққызы:

  • коронавирус  туралы не білуіміз керек?

  • жұғу жолдарын;

  • коронавирустың себептерін;

  • белгілерін;

  • Асқынған кезде жасайтын шаралар;

  • алдын алу, вирустан қалай сақтануға болатыны жайында толық ақпарат берілді.

Университет қабырғасында оқитын, жұмыс істейтін барлық адамдарға бет перделер таратылды. Алдын алу шаралары шұғыл қолға алынып, адамдар көп шоғырланатын жерлердің есік тұтқаларына залалсыздандырылған дәкелер оралды.

Share this Post

Leave a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*