Mukagali.2018@mail.ru/ November 6, 2019/ Жаңалыктар/ 0 comments

«Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №897 қаулысына сәйкес ішкі істер органдарына кәсіби, білікті мамандары дайындау мемлекеттің мақсаты.

Аталған тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығы 2019 жылдың 25 қазанында «Криминалистика және сот сараптамасы ғылымдарының ІІО қызметіндегі орны мен маңыздылығы» атты республикалық дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы ІІМ ведомстволық жоғарғы оқу орындарының қызметкерлері,Шымкент қаласы,Түркістан облысы жоғары оқу орындары мен құқық қорғау, арнаулы және өзге де мемлекеттік органдардың қызметкерлері шақырылған болатын.

Осы орайда,шақырылған жиында біздің оқу ордамыздың білікті оқытушылары Қаныбеков Ә.,Қаратаев Т.,Тултабаев З.,Қансейтова А және де бүгінгі заңгер түлектеріміз де болып қайтты.Жиында криминалистика саласының заманауи құрылғылар туралы, оның маңызы туралы сөз қозғалды.

Share this Post

Leave a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*