Бөлім басшысы

Каменских Наталья Дмитриевна

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Байтұрсынов көш. 80, халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті, каб.207

Түлектерді жұмысқа орналастыру туралы мәлімет
Түлекке тиімді жұмысқа орналасу туралы жадынама

Оқу-әдістемелік бөлімі білім беру үдерісін басқару және үйлестіру жүйесіндегі университеттің жетекші құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректорға бағынады. Оқу үдерісін жоспарлау және ұйымдастыру, нормативтік оқу-әдістемелік құжаттарды әзірлеу, оқу процесін диагностикалау және мамандарды даярлау сапасын талдау бойынша міндеттерді орындайды. ООӘБ білім беру процесін жетілдіру, ғылым мен білімнің интеграциясы, қоғамның әлеуметтік тапсырысына және еңбек нарығының талаптарына икемді ден қою мақсатында қазіргі заманғы ақпараттық білім беру технологияларын енгізу арқылы білім беруді жаңғыртуға ықпал етуге бағытталған.

Оқу-әдістемелік бөлімінің негізгі қызметтері:

Ұйымдастырушылық: ХГТУ-дың сапа саласындағы саясаты мен мақсаттарын жүзеге асыру, оқу үдерісін ұйымдастыруда инновациялық дамуды қамтамасыз ететін қызметтің негізгі бағыттары бойынша басқару шешімдерін дайындау және іске асыру, университеттің және білім беру бағдарламаларын лицензиялау және аккредитациялауды дайындау және өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

Аналитикалық: оқу-әдістемелік қызметтің ағымдағы жағдайы мен перспективасын есепке алу және талдау, сәйкессіздіктерді анықтау, ықтимал резервтерді іздеу, қызмет бағыты бойынша есептерді құру.

Жоспарлаушы: студенттердің және еңбек нарығының қажеттілігін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін білім беру үдерісін ұйымдастыру стратегиясын әзірлеу және түзету, кәсіптік практиканы жоспарлау және жетілдіру, білім беру процесінің сапасын басқару тиімділігін арттыру.

Бақылаушы: білім беру саласындағы заңнамалық, нормативтік және өкімдік актілердің орындалуын бақылау, білім беру бағдарламаларын өзектендіру және іске асыру, еңбек өнімділігін ынталандыру.

Өкімдік: университеттің оқу бөлімшелеріне ақпараттық қызмет көрсетудің тиімді жүйесін құру және оқу процесінің мазмұнын, ұйымдастырылуын және әдістемелік қамтамасыз етілуін регламенттейтін өкімдік және нормативтік құжаттарды дайындау, кафедралар бойынша оқу жүктемесін бөлу, білім беру үдерісін диспетчерлендіру.

Share this Page