Кокенова Айганым Турдыевна

Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректор, экномика ғылымдарының кандидаты, доцент

Кокенова Айганым Турдыевна 1976 жылы 1 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, СемХоз елді-мекені дүниеге келген.

1997 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің экономика мамандығын бітірген. 1997-2000 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің аспиранты болған. 2000-2001 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Халықаралық экономикалық қатынастар» кафедрасының оқытушысы қызметін атқарды. 2001 жылы 28 қыркүйекте  ҚР Білім және ғылым министрлігі Экономика институтында «Әлемдік шаруашылық және халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. 2001-2005 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Қаржы және бухгалтерлік есеп» кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарды. 2006 жылдың 4 ақпанынан бастап Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Қаржы және бухгалтерлік есеп» кафедрасының доценті міндетін атқарушы қызметіне ауысты. 2002-2003 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика факультетінің оқу ісі жөніндегі декан орынбасары қызметін, 2004-2005 жылдар аралығында ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі декан орынбасары қызметтерін атқарды. 26.08.2006- 14.11.2006 ж. аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Халықаралық қатынастар» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 16.11.2006-03.01.2007 жж. аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент институтының «Қаржы және несие» кафедрасының доценті міндетін атқарушы, 03.01.2007-16.03.2007 жж. аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент институты Экономикалық факультетінің оқу және тәрбие істері жөніндегі декан орынбасары қызметтерін атқарды. 16.03.2007-30.06.2007 жж. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Юриспруденция және халықаралық қатынастар» институты директорының оқу және тәрбие істері жөніндегі директор орынбасары қызметін атқарды. 2007-2008 жж. аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Қаржы және бухгалтерлік есеп» кафедрасының доценті міндетін атқарушы қызметін атқарды. 2008-2014 жж. аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Қаржы және бухгалтерлік есеп» кафедрасының доценті қызметін атқарды. 2014-2018 жылдар аралығында Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті  «Экономика және заң» факультетінің деканы қызметін атқарды. А.Т.Кокенованың 60-тан астам ғылыми еңбектері, 5 оқу құралы жарияланған. Ғылыми жолында 10 магистрді даярлаған.

Share this Page