Акылбаев Мусабек Исламович

Ғылыми және халықаралық қатынастар жұмыстары жөніндегі проректор,  техника ғылымдарының кандидаты, доцент

 

     Ақылбаев Мусабек Исламович Қарманас ауылы, Бостандық ауданы, Ташкент облысында 16 қазан 1964 жылы дүниеге келген. 1981 жылы № 34 Қ. Сатпаев орта мектепті бітіріп, 1981 – 1982 жылдары Шыршық қаласындағы «Электрохимпром» өндірістік бірлестігінде жұмысшы болып жұмыс істеген. 1982 жылы Ташкент қаласындағы В.И Ленин атындағы Ташкент мемлекеттік университетінің «Қолданбалы математика және механика» факультетіне оқуға түсіп, аталған оқу орнын 1989 жылы «Математик. Оқытушы» біліктілігі бойынша бітіріп шықты. 1983 – 1985 жылдар аралаығында Совет Армиясы қатарында қызметтік борышын өтеген. 1989 – 1994  жылдарда А.Р. Беруни атындағы Ташкент политехникалық институтында ассистент, 1994 – 2000 жылдарда Қазақ химия – технологиялық институтында оқытушы. 2000-2003 жылдарда Шымкент университетінде сыртқы оқу бөлімінің деканы, 2003 – 2005 жылдары Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінде факультет деканы, 2005 – 2006   жылдарда «Ұлағат» академиясында оқу-тәрбие істер жөніндегі проректор, 2006 – 2010  жылдарда Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде ғылыми істер жөніндегі проретор, 2010 – 2012 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжінің директоры, 2012 – 2017 жылдары қайтадан Оңтүстік Қазакстан педагогикалық университетінің ғылыми істер жөніндегі проректоры, 2017 – 2020 жылдар аралығында Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде оқу-әдістемелік және ғылыми істер жөніндегі директор орынбасары, 2020 жылдан бастап Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінде ғылыми және халықаралық қатынастар жұмыстары жөніндегі проректор қызметін атқаруда.

     2001 жылы 05.17.08 – Химиялық технологияның процестері мен аппараттары бағыты бойынша техника ғылымдарының кандидаты десертациясын қорғаған. 2008 жылы ҚР Жоғары аттестациялық комитеті тарапынан математика саласы бойынша доцент ғылыми атағын иеленген. 2017 жылы «Тұран» Ғылым Акадаемисын академигі атанған.

      Ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектерінің саны – 135. Оның ішінде 3 – ғылыми  монография, 8 – оқу құралы, 1 – патент және 5 – авторлық құқық.

     Ғылыми және педагогикалық жұмыстары бойынша жеткен жетістіктері үшін төмендегідеі марапаттармен марапатталған:

  • 2009 жылғы ҚР ЖОО үздік оқытушысы атанған;

  • 2014 жылы «Ынтымақ» төсбелгісімен марапатталған;

  • 2015 жыл Ы. Алтынсарин төсбелігісімен марапатталған;

  • 2016 жылы РФ ЖҒА тарапынан Еуропа сапасындағы алтын медальмен марапатталған;

  • 2019 жылы ҚР Білім және ғылым министрінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.    

Share this Page