Mukagali.2018@mail.ru/ February 6, 2020/ Жаңалыктар/ 0 comments

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ – ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ  ИСПАНИЯНЫҢ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ  PHD ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР ХАВЬЕР РОДРИГО  ИЛЛАРИ  ДӘРІС ОҚУДА

Академиялық ұтқырлық аясында  ағымдағы жылдың 27 қаңтар мен 14 – ақпан аралығында Испания мемлекетінің Валенсия қаласындағы Политехникалық университетінің Phd докторы, профессор Хавьер родриго – Иллари мырза университеттің студенттеріне “Топырақ пен жер асты суларының ластануын моделдеу бойынша ғылыми зерттеу әдістемесі” тақырыбында   дәріс оқуда. Сонмен бірге университеттің  профессор – оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру мақсатында «Академиялық жазба негіздері, жобалық өтінімдерді дайындау» тақырыбында семинар жүргізуде.

Университетке табан тіреген  Испаниялық қонақты оқу орнының ректоры т.ғ.к., профессор  Ажидинов Акмалдин Сапардинұлының қабылдауында болып, университеттің тарихымен  танысты. Сұхбат барысында тараптар өзара пікір алмасып, бірігіп жұмыс істеуге, ғылыми жобаларды жүзеге асыруға, академиялық ұтқырлық шеңберінде  екі жақты студенттерді тәжірибеден өткізу бойынша бірқатар мәселелер жайында сөйлесті.

Университет баспасөз қызметі.

Share this Post

Leave a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*