АЖИДИНОВ АКМАЛДИН САПАРДИНҰЛЫ

1963 жылы 3 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Жетысай қаласында дүниеге келген.

1970 жылы №1 мектептің бірінші сыныбына барды.

БІЛІМІ:

1980 жылы Ташкент политехникалық институтының “Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс “мамандығына түсті.1985 жылы аталмыш институттың “инженер құрылысшы”мамандығы бойынша диплом алды.

ҚЫЗМЕТІ:

1985-1987 жылдар аралығында Ташкент аймақтық ғылыми – зерттеу институтында үлгілік және эксперименттік жобалау (ТашАҒЗИ) инженері болып жұмыс істеді.

1987 жылы ТашАҒЗИ күндізгі аспирантурасына түсіп, Мәскеу қаласындағы бетон және темір бетон ғылыми-зерттеу институтына (МБТҒЗИ) іссапарға жіберілді. 1991 ж.Мәскеу қ. МБТҒЗИ  кандидаттық диссертациясын қорғады.

1990 жылдан 2000 жылға дейін ТашАҒЗИ-те (Ташкент қ.) ғылыми қызметкер, институттың ғылыми хатшысы болып жұмыс істеді.

2000 жылдың сәуір айынан қазан айына дейін Ташкент қаласында Республикалық жылжымайтын мүлік биржасының жетекші маманы болып жұмыс істеді.

2000 жылдың қазанынан 2001 жылдың тамызына дейін ТашАҒЗИ ғылыми хатшысы болып жұмыс істеді.

2001 жылы  Халықаралық Қазақ-Араб университетінде (ХҚАУ) доцент;

2001 жылдан 2006 жылға дейін “экономика және құқық” факультетінің доценті, деканы,ХҚАУ оқу ісі жөніндегі проректоры болып жұмыс істеді.

2006 жылдың ақпан айынан 2006 жылдың тамыз айына дейін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, 2006 жылдың қыркүйегінен 2007 жылдың наурызына дейін осы уаниверситеттің  оқу ісі жөніндегі проректоры қызметін атқарды.

2007 жылдың наурыз айынан 2008 жылдың қаңтар айына дейін – “Отырар” университетінің сырттай оқыту жөніндегі проректоры болып жұмыс істеген.

2008 жылдың қаңтар айынан 2008 жылдың тамыз айына дейін – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде аға оқытушысы.

2008 ж. қыркүйек айынан 2015 ж. тамыз айы аралығында Мирас университетінің оқу ісі жөніндегі проректор соңынан осы университеттің ректоры болып қызмет атқарды.

2015 ж. қыркүйек айынан 2016 ж. тамыз айына дейін-М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан институтының  ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры.

2016 ж. қыркүйек айынан 2019 ж. тамыз айына дейін – SILK WAY Халықаралық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры.

2019 жылдың тамыз айынан бастап-Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің ректоры болып қызмет атқарып келеді.

 

Share this Page