Mukagali.2018@mail.ru/ November 22, 2019/ Жаңалыктар/ 0 comments

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті  «техника және ақпараттандыру» кафедрасының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 21 қарашасында «Робототехника» атты дөңгелек үстел өтті.

Университет ішінде «техника және ақпараттандыру» кафедрасының ұйымдастыруымен  өткен  «Робототехника» атты дөңгелек үстел жұмысын кафедра меңгерушісі техника ғылымдарының кандидаты Дуйсенов Нурзак Жезтайұлы ашып берді.

      Робототехника курсын толықтай студенттерге түсіндіру мақсатында Мирас университетінен Кошкинбаев Сәулетбек Жолдықараевич, Сайдирасулов Сайдхон Сайдагзамович сөз алды. Іс-шара барысында Робототехника курсы жайлы ақпартпен бөлісіп, өздерінің жасаған бағдарламасымен, техникаларымен таныстырды.

      Үйірме IT – маманы  Сайдхон Сайдагзамович “Arduino” жиынтығымен түрлі электрондық құрылғылар жасау тақырыбында шеберлік  көрсетті. Студенттермен бірге электрондық құрылғыларды компьютерлік программа арқылы құрастыру және пультпен басқару  үрдісін таныстырды.   Робототехника бағдарлама студенттердің  тек ғана математика, физика жəне информатика бойынша білімдерін арттырып қана қоймай, олардың ойындағы жобаларын іске асыруға да септігін тигізеді.

      «Робототехника ақырындап лауазымды жұмыстарды ығыстырып, олардың орнын басуда. Болашақта əрбір адам робот жасаумен, не болмаса оларды жөндеумен, программалық жабдықтауды жасау сияқты ақпараттық технологиялармен байланысты жұмыс атқарады. Біздің міндетіміз – оларды осы өзгеріске даярлау», – деп өз сөздерін аяқтады. Қатысушылар семинар соңында робототехника ғылымы туралы ойларын дөңгелек үстел басында ортаға салды.

Share this Post

Leave a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*