Mukagali.2018@mail.ru/ January 21, 2020/ Жаңалыктар/ 0 comments

Ағымдағы жылдың 21 қаңтарында «Мониторинг,сапа менеджменті және аккредиттеу» бөлімінің ұйымдастыруымен «Сапа менеджмент жүйесі» тақырыбында семинар тренинг өткізді. Аталмыш семинарды М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Аккредиттеу» бөлімінің басшысы Абдижаппарова Бақытгүл Телхожақызы жүргізді. Семинар – СМЖ құжаттамаларын орналастыру тәртібі, салаға бөлу нұсқасы және әр құжат түріне тиісті номер беру сынды тармақтарды қамтыды.

Баяндамашы өз баяндамасында: Сапа менеджмент жүйесі барлық мекемелерде толығымен енгізіліп орындалуы тиіс екенін, және оны – әлем мойындаған және кез-келген ұйымды басқару құрудың тиімді құралы екендігі айтылған. Сондай – ақ, ЖОО сапасын арттырудың тиімді әдістерінің бірі – оперативті басқаруды енгізу (көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік беретінін тәжірибе дәлелдеген), яғни ЖОО бәсекеге қабілеттілігін арттыру және әлемдік білім беру кеңістігінде жоғары беделге ие болуын қамтамасыз ету үшін СМЖ енгізуді талап ететіндігі де семинар барысында қатысушыларға айтылды.

Сонымен бірге, Бақытгүл Телхожақызы : «СМЖ  жоғары оқу орынның барлық процесстерін реттеуге, белгілі бір  тәртіппен жүргізуге жәрдем береді. Негізінен кезкелген оқу орынның  жұмысы үш бағытта өтеді, ол әрине оқу, ғылым және тәрбие жұмыстары. Осы бағыттар бойынша құжаттарды реттеу – СМЖ  бойынша ең керекті кезең. Мысалы, оқу жұмысында оқу жоспарының үлгісіне нөмір беру қажет, ол құжаттық рәсімдеуде мысалы: 5.02-01 деп қойылса болады, келесі құжат нөмірі 5.02-02 деп белгіленеді. Оқу  жұмысы  құжатталған рәсімдердің  5 сан болса, тәрбие жұмысы 6, сандарды ЖОО құрылымына байланысты қойылады»,-деді өз баяндамасында.

Share this Post

Leave a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*