Mukagali.2018@mail.ru/ October 24, 2019/ Жаңалыктар/ 0 comments

2019 жыл 23 қазанында ХГТУ-де дәстүрлі “Студенттер қатарына қабылдау” салтанатты кешi өтті. Салтанатты кешке университет басшылығ мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Кешiмiздi университет ректоры мен проректорлары сөз алып студенттердi оқу жылымен құттықтап, университетіміздің символына айналған СТУДЕНТТІК БИЛЕТ пен БІЛІМ КІЛТІН табыс етіп, белсенді жастарды алғыс хатпен марапаттады ,студенттер мерекелік кеште салтанатты түрде вальс билеп өз өнерлерін көрсетті. Кешiмiздiң басты қонағы, эстрадамыздың жарық жұлдызы ” I’m a Singer Kazakhstan ” жобасының жеңімпазы Қайрат Түнтеков, Шымкенттің намысын халықаралық жайдарман ойындарында қорғап жүрген “MILLION” және “БҮГІН.Kz” командалары, соқпалы аспаптың шебері BURHAN STYLE өнер көрсетті, қызықты ойындар ойнатылып жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды. Студенттер көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.

Share this Post

Leave a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*