Mukagali.2018@mail.ru/ November 15, 2019/ Жаңалыктар/ 0 comments

13 қараша 2019 жылы Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі” атты Қазақстан халқына Жолдауын студенттер арасында насихаттау мақсатында «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына университеттің тәрбие және әлеуметтік даму жұмыстары жөніндегі проректоры, кафедра меңгерушілері мен студенттер қатысты.

Аға оқытушы К.Калмурзаев кіріспе сөз алып: «Ел Президентінің Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттерге қатысты мәселелер» қамтылғанын атап өтті.

Дөңгелек үстел модераторы ретінде Шымкент қаласы Әділет департаментінің бөлім басшысы Жәдігер Қожахмет Әлішерұлы сөз сөйледі. Ел Президентінің Жолдауында барлық негізгі салаларда, соның ішінде барлық деңгейдегі білім беруде 10 негізгі бағыт ұсынылды, жаңа жағдайда ЖОО-да жұмыс бағыттары берілгендігін атап өтті.

Шара барысында «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының аға оқытушысы М.Тұрсынбеков сөз алып: «Іс – шараның басты мақсаты – Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді түсіндіру және университет ұжымын оларды белсенді орындауға бағыттау»  екендігін атап өтті.

Студенттер биылғы Жолдауда қойылған басымдықтар мен міндеттерді өздерінің азаматтық парызы деп санайды,нақты істермен нығайтып, орасан зор міндеттерді шешуге қатыстылығын және оларды іске асыру жауапкершілігін сезінеді.

 

Share this Post

Leave a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*