Mukagali.2018@mail.ru/ November 12, 2019/ Жаңалыктар/ 0 comments

Университетте 11.11.19-15.11-19 жұлдызы аралығында «Қазақстан тарихы және құқықтану» кафедрасы ұйымдастырған «Тарихтын өткені, бүгіні, ертеңі» атты апталық өткізілмек.Қараша айының 11 жұлдызында апталықтың салтанатты түрде ашылуы өтті. Апталықта студенттер баяндама оқып, күй ойналып, қазақтың қара өлеңі оқылды. Кішігірім мерекемізде университетіміздің башылары, беделді оқытушылары және студенттер бой көрсетті.

Оқылған баяндамалар бойынша студенттерге жүлделі орындар мен алғыс хаттар берілді. Ғылыми жұмысқа жетекшілік жасаған оқытушылар құрамы Молдаш Береке, Әсен Зияуддин, Төлеген Ұлзия , Көлбай Әсем де елеусіз қалмады.

Салтанатты жиынымыз өтіп жатқан жерден нағыз қазақылықтың иісін аңғаруға болады.Ұлттық үлгіде киінген студенттер, қазақи нақыштағы киіз үй, бесік, домбыра сынды көркем дүниелер жиынымыздың сәнін одан сайын арттырғандай.

Share this Post

Leave a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*