Жалпы мәлімет

Кафедрада  6B01501-Математика, 6В01506-Математика-информатика, 6В01507-Физика-информатика, 6В06101-Информатика, 6В06102-Ақпараттық жүйелер, 6В06103-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету,6В07501-Стандарттау және сертификаттау/салалары бойыншы/, бакалавр мамандықтары бойынша біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті мамандар даярлайды.

Кафедраның құрамында жоғары білікті мамандар қызмет етеді. Профессор оқытушылар құрамында 2 ғылым докторы, 13 ғылым кандидаты, 8 магистр аға оқытушы, 3 магистр оқытушылар бар.

6B01501-Математика, 6В01506-Математика-информатика, 6В01507-Физика-информатика, 6В06101-Информатика, 6В06102-Ақпараттық жүйелер, 6В06103-Есептеу техникасы және бағдарламалыққамтамасыз ету,6В07501-Стандарттау және сертификаттау/салалары бойыншы/ бойынша жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын меңгеру және оқу үдерісіне инновациялық өндірістік(педагогикалық) технологияларды қолдана отырып білім сапасын арттыру үшін арнаулы дәрісханалар мен зертханалар жабдықталған.   «Бағдарламалу тілдері», «Физика»,«Математиканы оқыту әдістемесі» зертханалары студенттер игілігіне пайдаланылуда.

Тәлімдік жұмыстар

Кафедрада 2019-2020 оқу жылында «Жас математик», «Жас информатик», үйірмелері жұмыс жасайды. «IT технологиясы» бағдарламасы арқылы салауатты өмір салтын құруға баулу жұмыстары жүргізіледі.

2018-2019 оқу жылында 5В070400 -Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету,мамандығының түлегі Алдаш Асел. «Үздік диплом» иегері.

«Техника және ақпараттандыру» кафедрасының а/ш.ғ.к.,, аға оқытушысы М.С. Абишов студенттермен жұмысы.

«Техника және ақпараттандыру» кафедрасының магистр, аға оқытушысы Г.Б. Абишова студенттерге компьютерлік сыныпта зертханалық сабақты түсіндіруде

Кафедра меңгерушісі
Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 1-10.jpg

Дүйсенов Нұрзақ Жезтайұлы

«Техника және ақпараттандыру» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент

Профессор-оқытушылар құрамы
“Жаратылыстану-техникалық және спорт” факультеті, “Техника және ақпараттандыру” кафедрасының 2019-2020 оқу жылына арналған ШТАТ КЕСТЕСІ
Қ/с Оқытушыңы аты-жөні Қызметі Ғылыми дәрежесі Ғылыми атағы Академиялық дәрежесі  Барлығы Ескерту
Штат бірлігі Сағат саны Кредит саны
1 Дуйсенов Нурзак Жезтайулы кафедра меңгерушісі т.ғ.к. 1 786,25 27 кафедра меңгерушісі
2 Абдрахманов Жумабай Нурмаханович аға оқытушы п.ғ.к. 1 975,5 33
3 Абишов Мухтар Сайлаубаевич аға оқытушы а.ш.ғ.к. 0,5 546,75 19
4 Кошкинбаева Мадина Жолдыкараевна аға оқытушы т.ғ.к. 1 777,5 26
5 Куракбаева Севара Джумагалиевна аға оқытушы т.ғ.к. 0,75 654,25 22
6 Умарова Жанат Рысбаевна аға оқытушы Phd докторы 0,75 738 25
7 Ахметова Сабира Тастановна аға оқытушы ф.-м.ғ.к. 0,75 526,5 18
8 Жапбаров Сагат Амангельдиевич аға оқытушы ф.-м.ғ.к. 1 781 27
9 Егизбаева Жанагул Аширбековна аға оқытушы Матем. мұғалімі 0,5 499,5 17
10 Балгимбекова Улдар Байтемировна аға оқытушы АЖ маманы 1 872,25 30
11 Абишова Гулшехра Бархатовна аға оқытушы и.м. 1 895,25 30
12 Толеманова Акмарал Оразбаевна аға оқытушы и.м. 1,25 1164,5 39
13 Оралова Альмира Бегалиевна аға оқытушы т.ғ.м. 1,5 1372 46
14 Абдрахманова Гулжанат Маратовна аға оқытушы и.м. 1,5 1204,3 41
15 Жаксылыков Ержан Кундызбаевич оқытушы т.т.ғ.м. 1,5 1492 50
16 Шынжігіт Бекмурат Бекболатұлы оқытушы т.т.ғ.м. 1 969,5 33
Барлығы: 16 14255 476
Құжаттар
Академиялық ұтқырлық

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша келісім-шарт негізінде оқуға қабылданған студенттер тізімі.

1.Сүпиян Ержігіт Сәкенұлы- Сырдария университетінің 3- курс студенті, академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 5В010900 – «Математика» мамандығы күндізгі оқу түрі бойынша 3-курс МТ-217 тобының студенттер қатарына 29.08.2019 ж – 30.12.2019 ж аралығында шарт негізінде оқу мерзімінің басталуына байланысты қабылданды.

2.Шәріп Аяжан Әлжанқызы- Сырдария университетінің 3- курс студенті, академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 5В010900 – «Математика» мамандығы күндізгі оқу түрі бойынша 3-курс МТ-217 тобының студенттер қатарына 29.08.2019 ж – 30.12.2019 ж аралығында шарт негізінде оқу мерзімінің басталуына байланысты қабылданды.

3.Арапбек Ұлмекен Назарбекқызы – Сырдария университетінің 2- курс студенті, академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығы күндізгі оқу түрі бойынша 2-курс 704-18 тобының студенттер қатарына 29.08.2019 ж – 30.12.2019 ж аралығында шарт негізінде оқу мерзімінің басталуына байланысты қабылданды.

4.Октябрь Еламан Арысбекұлы – Сырдария университетінің 3- курс студенті, академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 5В060200 – «Информатика» мамандығы күндізгі оқу түрі бойынша 3-курс ИФ -217 тобының студенттер қатарына 29.08.2019 ж – 30.12.2019 ж аралығында шарт негізінде оқу мерзімінің басталуына байланысты қабылданды.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша келісім-шарт негізінде оқуға кеткен студенттер тізімі.

1.Бекболатұлы Бақдәулет – 02.09.2019ж бастап, 5В010900 – «Математика» мамандығы күндізгі оқу түрі, 3-курс МТ-217 тобының студенті академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 02.09.2019ж – 30.12.2019 ж аралығында оқу мерзімінің басталуына байланысты Сырдария университетіне жіберілді.

2.Хайрулла Бибарс Нуржанұлы – 02.09.2019ж бастап, 5В010900 – «Математика» мамандығы күндізгі оқу түрі, 3-курс МТ-217 тобының студенті академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 02.09.2019ж – 30.12.2019 ж аралығында оқу мерзімінің басталуына байланысты Сырдария университетіне жіберілді.

3.Сайлау Әуез Маратұлы – 02.09.2019ж бастап, 5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету»  мамандығы күндізгі оқу түрі, 2-курс 704-18 тобының студенті академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 02.09.2019ж – 30.12.2019 ж аралығында оқу мерзімінің басталуына байланысты Сырдария университетіне жіберілді.

4.Серікбайұлы Сержан – 02.09.2019ж бастап, 5В060200 – «Информатика»  мамандығы күндізгі оқу түрі, 3-курс ИФ -217  тобының студенті академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 02.09.2019ж – 30.12.2019 ж аралығында оқу мерзімінің басталуына байланысты Сырдария университетіне жіберілді.

5.Адал Жұлдыз – 10.01.2020ж бастап, 6В01501 – «Математика» мамандығы күндізгі оқу түрі, 3-курс МТ-217 тобының студенті академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 10.01.2020ж – 30.05.2020 ж аралығында оқу мерзімінің басталуына байланысты Халықтар достығы университетіне жіберілді.

6.Қаратаев Серікболсын Талғатжанұлы  – 10.01.2020ж бастап, 6В06103  – «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығы күндізгі оқу түрі, 3-курс ЕТ-217 тобының студенті академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 10.01.2020ж – 30.05.2020 ж аралығында оқу мерзімінің басталуына байланысты Мирас университетіне жіберілді.

Кәсіптік бағдар
Біздің жетістіктеріміз
Біздің түлектеріміз
Тәжірибе мен жұмыспен қамтамасыз ету

Практиканың ұйымдастыру жұмыстары.

2019-2020 оқу жылындағы студенттердің практикасын ұйымдастыру жұмыстары бойынша 5В010900 (6В01501)-«Математика», 6В01506-«Математика-информатика», 6В01507-«Физика-информатика», 5В060200 (6В06101)-«Информатика», 5В070300 (6В06102)-«Ақпараттық жүйелер», 5В070400 (6В06103)–«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», 5В073200 (6В07501)-«Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)» білім беру бағдарламаларына мына мекемелер практика базалары ретінде бекітілді:

5В070400 (6В06103)–«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасына: 1) Статистикалық комитетінің «Ақпараттық есептеу орталығы»; 2) «Югстройсервис» ЖШС-і, «Алма ТВ» ЖШС-і, «Фобос-ПНЛ» ЖШС-і, «Мир-Строй» ЖШС-і, А.Қуатбеков атындағы халықаралық достығы университеті, Шардара ауданы №16 колледж, Мирас университеті, М.Әуезов атындағы ОҚМУ ІТ-орталығы, «Энергопоток» ЖШС-і, «Конструктор 80» ЖШС-і, «Анонс» ЖШС-і, «Қазпочта» АҚ, «Фобос-ПНЛ» ЖШС-і, «Энергосервис ЭТЛ» ЖШС-і, HRH ЖШС-і, «Интерөндіріс» ЖШС-і, «Самрук BuildGroup» ЖШС-і.

5В060200 (6В06101) – «Информатика» білім беру бағдарламасына: ЖШС «KAZTIL DAMU» мекемесі, А.Назарбеков атындағы №87 жалпы білім беретін орта мектебі, «Аққала» жалпы білім беретін орта мектебі.

5В070300 (6В06102) – «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасына: «Фобос-ПНЛ» ЖШС-і, М.Әуезов атындағы ОҚМУ ІТ-орталығы, Мирас университеті, А.Қуатбеков атындағы халықаралық достығы университеті, «Конструктор 80» ЖШС-і.

5В073200 (6В07501) – «Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)» білім беру бағдарламасына: «Қазақстан стандарттау институты» РМК, «Кірпіш зауыты» ЖШС-і, «Шымкентқұс» ЖШС-і, Корпорация «АҚ-Алтын» ЖШС-і.

5В010900 (6В01501) – «Математика», 6В01506-«Математика-информатика», 6В01507 – «Физика-информатика» білім беру бағдарламаларына: С.Көбеев атындағы №56 жалпы білім беретін орта мектебі, Д.А.Қонаев атындағы №47 жалпы білім беретін орта мектебі, А.Назарбеков атындағы №87 жалпы білім беретін орта мектебі, Жеңістің 50 жылдығы атындағы №55 жалпы орта мектебі, Р.Қошқарбаев атындағы №37 жалпы орта мектебі, Түркістан облысы, Шардара қаласы, Қазақстан жалпы орта мектебі, №38 мектеп-лицей, Түркістан облысы, Жетісай қаласы, №20 Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектеп, «Шақпақ» негізгі орта мектебі, Б.Омаров атындағы №50 жалпы орта мектеп, Кентау қаласы, «Қызыл жол» жалпы орта мектебі, Төле би ауданы, Диханкөл ауылы, «Диханкөл» орта мектебі.

Практиканың барлық түріне арналған әдістемелік нұсқаулықтар мен практика бағдарламалары баспаға шығарылып, кафедра мәжілісінде бекітілген (Хаттама №1, 28.08.2019).

Share this Page