Mukagali.2018@mail.ru/ November 21, 2019/ Жаңалыктар/ 0 comments

05.11-23.11.2019ж аралығындағы Омбылық аймақтық электрондық университетінің ұйымдастыруымен “Ұлы Жібек жолы”атты байқауының ІІ турын өткізу мақсатында студенттер арасынан «Туған өлкесінің бейнесі» атты ең жақсы авторлық фотосуретіне конкурс жарияланды. Байқаудың міндеттері қазіргі заманғы технологиялар мен құрылғыларды меңгерген және көркем талғампаздығы бар шығармашыл және талантты жастарды қолдау, жастардың бойында Отанға , өз қаласына, мектебіне, өз оқу орнына деген патриоттық қарым-қатынасты ұқыпты тәрбиелеу және жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту болып табылады.

Осыған орай, «Өнер» кафедрасында «Дизайн», «Кәсіптік оқыту» мамандығының студенттерінің шығармашылық жұмыстары бойынша көрме ұйымдастырылды. Шығармашылық жұмыстарды Н.Жунисованың жетекшілігімен дайындаған КО-117 тобының студенті Бұқарбай Мәликә, КО-116 тобының студенттері Сембек Толғанай, Ағәділ Эльмира; КО-118 тобының студенттері Жүнісбекова Айгерім, Амангелді Мөлдір, Ғылыми жетекшісі Кәдірбердиева А.; ДЗ-116 тобының студенті Орынтай Бақытжан, ДЗ-115 тобының студенті Есірке Ақжол, Ғылыми жетекшісі Ауельбеков Н. ; ДЗ-117 тобының студенті Қалжан Гүлзада, ғылыми жетекшісі Оспанова А.Д.; шығармашылық жұмыстарын паш етті.

Көрменің соңында Комиссия мүшелерінің шешімімен Үздік деп танылған фотосуреттідің авторлары мен және жетекшілерін Диплом, Алғыс хаттармен марапатталды.

Share this Post

Leave a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*