Тәрбие бөлімі және әлеуметтік даму бөлімі қызметінің негізгі мақсаты үйлестіру және тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады: – жоо-да әлеуметтік-тәрбие жұмысын бекітілген жоспар мен бағдарламаларға сәйкес ұйымдастыру және өткізу.

Қойылған мақсаттарды орындау үшін ТЖҮҰ бөлімі мынадай міндеттерді жүзеге асырады:

  • тәрбие қызметін іске асыруда басымды бағыттарды дамыту: қазақстандық патриоттылыққа тәрбиелеу, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын, «Бірегей Еңбек Қоғамы» идеясын іске асыру, заманауи рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жемқорлықпен құқық бұзушылыққа нөлдік шыдамдылыққа тәрбиелеу, азаматтық-құқықтық мәдениетті және салауатты өмір салтын жетілдіру және т.б., жастар ұйымы және бірлестіктердің қызығушылығы бойынша іс-шаралар өткізу;

  • Тәрбиелік іс шараларды өткізу және сапалы ұйымдастыруға көмек көрсету; тәрбиелік іс шара өткізуде оқушыларды көптеп қамтамасыз ету, сабақтан тыс тәрбие қызметінде және студенттерді әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру және өткізу, кездесулер, дөңгелек үстелдер, әңгіме, студенттермен жастар арасындағы өзекті мәселелер бойынша тәрбиелік іс шаралар ұйымдастыру, салтанатты, мәдени және қоғамдық маңызды іс шараларды өткізу және ұйымдастыруға қатысу.

 

Біліктілігі жоғары мамандарды даярлау, білімді және тұлғалық даму – бұл кешенді үрдіс, осының ішінде маңызды орынды тәрбие алады, студенттерді инллектуалдық, ұйымдастырушылық және мәдени негізде дамытуға бағытталған. Оқыту мен тәрбиелеуді оқу үрдісінде бөліп қарастыруға болмайды, Әбу-Насыр Әл-Фараби айтпақшы: «Тәрбиесіз берілген –білім, білім емес». Университеттің оқу процесіндегі тәрбие беруі әлемге деген көзқарасын дамытып, мінез-құлқын, өзіндік пікірін ашық айтуға қалыптастырады.

Университеттің студент жастары білім алу кезінде тұлғалық қалыптасудың бірнеше сатысынан өтеді. Өзін-өзі тану, өзін-өзі мойындату және өзін-өзі жетілдіруде құзіреттіліктерін қалыптастырады.

Тәрбие жұмысы жөніндегі бөлім студенттерді алауыздықтан бойларын аулақ ұстауға, деструктивтік діни ағымдардың идеологиясына қарсы тұруға, діннің қоғамда алатын орны мен рөлін дұрыс ұғынуға, мемлекеттің тілдік және этносаясат бағыттарын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Университет ректораты тәрбие жұмысына көп көңіл бөледі. Осы бағыттағы сұрақтар университет Кеңесінде қарастырылып отырады, яғни бұл университетімізде ҚР заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауын, Білім және Ғылым Министрлігінің нормативтік-құқықтық актілерін және жастар саясатының, ғылымның, мәденитеттің және ғылыми-техникалық революцияда сапалы түрде орындалуын қамтамасыз етеді.

Жастар комитеті
Share this Page